Ресми

«Тілші болғың келсе…»

 

Байқау

 «Жайық Пресс» ЖШС ұйымдастырып отырған республикалық байқауға 18-40 жас аралығындағы түрлі оқу орындарында білім алып, әр салада еңбек етіп жүрген қаламының ебі бар үміткерлер қатыса алады. Қазақ және орыс тілінде түрлі жанрдағы материалдар қабылданады.

Шара мақсаты — БАҚ саласында жұмыс жасауға ынталы, мақала жазуға қабілеті бар таланттарды анықтап, журналистика саласына бағыттап, тәрбиелеу. Олардың облыстық, аудандық газеттердің редакцияларында шығармашылығын шыңдап, қызмет атқаруына мүмкіндік туғызу. Алдағы уақытта республикалық БАҚ-тарда да қызмет атқаруына алғышарт жасау.

Байқау материалдары Елбасы Жолдауына, мемлекеттік бағдарламаларға байланысты елімізде жүзеге асырылып жатқан істерді жан-жақты көрсетуі керек. Сонымен қатар Ғұмар Қараштың өмірі мен өлеңі, жалпы қайраткерлігі жөнінде көсемсөз бағытындағы бір материал болуы тиіс. Сондай-ақ ел мен өлке тарихы, ұлы тұлғалар хақында танымдық мақалалар, ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, жас ұрпақты отаншылдыққа, елдік рухта тәрбиелейтін материалдарды жолдауға болады.

Қатысушылар Ғұмар Қараш туралы бір мақала және басқа тақырыптарға екіншісін тапсыруы керек.

Байқауға қатысушылар өз аты-жөні, қызмет немесе оқу орны, байланыс телефондары жөніндегі мәліметтерді қоса жіберуі тиіс.

Материалдың көлемі 14 шрифтісімен Times New Roman қарпімен теріліп, А4 форматындағы 2 беттен кем болмауы тиіс және қатысушы бұрын еш жерде жарық көрмеген туындыларын ғана ұсына алады. Материалдар 1 қарашаға дейін қабылданады.

Бас жүлде — 100 мың теңге. Сондай-ақ материалдардың сапа-мазмұнына қарай қазылар алқасының шешімімен басқа да жүлделер, ынталандыру сыйлықтары табыс етіледІ.

Байқау ережесін zhaikpress.kz сайтынан да оқуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін «Жайық Пресс» ЖШС-на (Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1) келіп жолығуға немесе

8 (7112) 51-25-80 және 54-31-91 телефондарына хабарласуға болады. Материалдарды осы мекенжайға тапсыруға және «Орал өңірі» (oral_oniri@inbox) мен «Приуралье» (pri_ru@mail.ru) газеттерінің электронды пошталарына жолдауға болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button