Ресми

«Менің Әуезовім»

 

Конкурс

 Құрметті 9-11 сынып оқушылары!

Егер сіздер қазақ тілін жетік меңгерген, М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасымен жете танысқан болсаңыздар, өз білімдеріңіз бен дарындарыңызды жария етуге бірегей мүмкіндік беріледі!

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2012 жылдан бастап дарынды оқушылар арасында шығармашылық конкурс өткізе бастады. Дәстүрлі «Менің Әуезовім» атты республикалық конкурс келесі мақсаттарды көздейді: М.О.Әуезовтің шығармашылық мұрасын жастар арасында насихаттау, оларды көркем әдебиетке баулу және мемлекеттік тілді дамыту.

Конкурсқа ұсынылатын шығармаларға қойылатын талаптар:

   шығарма мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) жазылуы тиіс;

   шығарма авторы 9-11 сынып оқушысы болуы керек;

   шығарма көлемі А4 форматында (қаріп – Times New Roman, 14 кегль, жол аралығы – 1) 3-5 беттен аспауы тиіс;

   шығарма мәтінінің жоғарғы оң жағында талапкердің аты-жөні мен нақты мекенжайы (байланыс телефон міндетті түрде), сынып, мектеп атауы толық көрсетілуі тиіс.

Талапкер шығарманы М.Әуезов туындылары негізінде еркін тақырыпта жаза алады.

Конкурсқа ұсынылған шығармалар 2013 жылдың 13 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Комиссия конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздарды келесі ретпен анықтайды:

Үшінші орын  1 номинация

Екінші орын 1 номинация

Бірінші орын  1 номинация

Гран-при – 1 номинация

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жүлделі орындарға ие болған оқушылар 2013 жылдың 26 қыркүйегінде өтетін М.О.Әуезов мұражайының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте марапатталады. Үздік шығармалардың жинағын жарыққа шығару жоспарланған.

Комиссия қорытындылары «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» газеттерінде жарияланады.

Конкурсқа қатысатын 9-11 сынып оқушылары өз жұмыстарын келесі мекенжайға жіберуі тиіс: 050010, Алматы қаласы, М.Төлебаев көшесі, 185, «М.О.Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы.

Сіздерден М.О.Әуезов мұрасы туралы қайталанбас, бірегей шығармаларды күтеміз! Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!       

Біздің байланыс телефондарымыз: +7 (727) 261-22-27; +7 (727) 261-74-41; +7 (727) 390-06-16.     

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button