Білім

Қош бол, Әліппе!

Сыныптарға «Әліппе» кеше ғана қадам басқан сияқты еді. Енді, міне, балғын шәкірттер 42 әріпті толық танып болды. Буын құрап, сөйлемді тұтас оқитын дәрежеге де жетті.

Мектептердің Жаңа жыл алдындағы бір қуанышты күні — «Әліппемен қоштасу». Осындай мерекені №51 гимназияның бірінші сынып мұғалімдері Гүлбану Теміртаева мен Алмагүл Барсаева ұйымдастырды.

Оқушылар сахнаға шығарған осы заманға бейімделген ертегі, «Ауылдың алты ауызы», қуыршақтар салтанаты, әндер мен күйлер, тапқыр тақпақтар тағы бір қызықты көрмек үшін келген ұстаздар мен ата-аналарды ерекше сүйсінтті. Тартымды көріністердің соңында шәкірттер «Әліппені» қалай меңгерсе, «Ана тілін» одан әрі асқақтатуға, жақсы оқуға ант берді.

Тамаша өткен сабақ-сағаттан соң мектеп директоры Әлия Бегімова, зейнеткер ұстаз Бигелді Қожа-Ахмет, ата-аналар өкілі Айгүл Тасмағамбетова, т.б. жылы лебіздерін білдіріп, Жаңа жылғы тілектерін айтты.

А.АСАНОВ,

Ақтөбе қаласы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button