Спорт

Жастар жарысты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен жұмада Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаевтың 100 жылдығына арналған тоғызқұмалақ ойынынан жастар арасында облыстық чемпионат өтті.

Батырға арналған турнир былтыр Шалқар ауданында ардагерлер арасында өткен болатын. Биылғы чемпионат сол турнирдің жалғасы ретінде әрі батырдың мерейтойына орай жастар арасында ұйымдастырылыпты. Турнирге Ақтөбе қаласынан және аудандардан 65-ке жуық ойыншы қатысты.

Шараның ашылу салтанатында Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықовтың қызы Мақпал Жазықова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Бақыт Ешпаева, Қарғалы селолық ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы полиция полковнигі Лескен Ізбанов сөз сөйлеп, жастарға Ідіріс Үргенішбаевтың ерлігі туралы әңгімелер айтты. Ал батырдың келіні Зиягүл Үргенішбаева шараны ұйымдастырушыларға, облыс басшысына, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына алғысын айтып, ойынға қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаевтың мерейтойына орай Шалқар ауданында, облыста түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Батырдың еңбек жолын жастарға насихаттау, ерлігін үлгі ету баршамыздың парызымыз. Сондықтан біз жастар арасында осындай турнир өткізуді лайық деп шештік, — дейді облыстық қоғамдық-саяси кеңестің үйлестірушісі Еркін Құрманбеков.

Бұл чемпионатта жүлделі орындарды бағындырғандар 4-11 қараша айында өтетін республикалық турнирге жолдама алды.

Айгүл ЖҰБАНЫШ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button