Спорт

Үзіліс алдында

Футбол

 Екі апталық үзіліс алдындағы 21-турдың кездесулерінде көшбасшылардың біріншісі («Шахтер») ұтылды, екіншісі («Тобыл») тең ойнады.

Ал өткен жылғы чемпионаттың күміс жүлдегері («Жетісу») қауіпті аймақтан ілгері жылжудың амалын таппады.

Дегенмен алғашқы үштік орындарын өзгерткен жоқ.

Енді ретімен баяндалық.

Бұл турда «Ақтөбе» Қостанайда «Тобылмен» кездесті.

Бұл екі команданың өзара тартысы қай кезде де турдың негізгі кездесуі ретінде есептеледі. Және сол пікір ақталып жатады. Бұл жолы да солай болды.

Екі команда да алғашқы минуттардан бастап-ақ шабуылға көшті. Сондай қарбалас сәттердің бірінде, 13-минутта бұрыштамадан Марат Хайруллин тастаған допты сәтті қабылдаған Роберт Праймус бірден қарсыластар қақпасына сүңгітті де жіберді.

Әрине, бұдан соң «Тобыл» атқа қамшы басуды көбейтті. «Ақтөбе» де тізгінді бергісі келмегені түсінікті. Сөйтіп екі қақпаның да маңайы алма-кезек қауіпті қимылдарға толы болды. Бірақ бірінші тайм сол бір голмен аяқталды.

Ойының екінші кезеңі қостанайлық жанкүйерлерді қуантып басталды. 49-минутта Сергей Струков есепті теңестірсе, 78-минутта Анатолий Богданов және бір гол соғып жеңіс мерекесінің отын үрлей түсті. Ал ақтөбеліктер ежелден аңдысып жүрген қарсыластың ордасынан олжасыз оралуды тіпті де ойламайтындарын әу бастан-ақ аңғартқан болатын. Міне, енді «Іс бітті» дер кезге келгенде, төреші соңғы секундтарды есептей бастаған шақта Эмиль Кенжесариевтің алыстан соққан добы қарсыластар қақпасының торын бүлк еткізді. Тобылдықтар сілейіп-сілейіп тұрып қалды да, ақтөбеліктер қуаныса құшақтасты.

«Тобыл»-«Ақтөбе» — 2:2.

Гол авторлары: Роберт Праймус, 13-минут (0:1); Сергей Струков, 49-минут (1:1); Анатолий Богданов, 78-минут (2:1); Эмиль Кенжесариев, 90+1 минут (2:2).

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Андрей Сидельников, Петр Бадло, Самат Смақов, Роберт Праймус, Эмиль Кежесариев, Тимур Кападзе, Сергей Ковальчук, Марат Хайруллин (Антон Землянухин, 80-минут), Марат Бикмаев (Лукаш Байер, 74-минут), Сергей Лисенков, Александр Гейнрих.

Ескерту қағазын алғандар: Эмиль Кенжесариев, 35-минут; Сергей Лисенков, 90+2 минут.

*   *   *

Рас, бұл ойында тобылдықтар аса зор зардап шеге қойған жоқ. Себебі оларға бірінші айналымда, 6 мамыр күнгі  9-турда «Ақтөбе» өз алаңымызда 0:1 есебімен есе жіберіп алған болатын. Сөйтіп екі ойыннан олар 4 ұпай, біз 1 ұпай ғана жинадық..

Бір тәуірі, «Ақтөбе» осымен қатарынан жетінші рет ұтылыссыз ойнады.

Ал сырт алаңдардағы ойындардың жалпы есебіне келсек,он кездесуде жерлестеріміз 3 рет жеңіске ие болып, 4 кездесуде ұтылып қалды, 3 ойын тең нәтижемен аяқталды. Доп айырмашылығы 12-11.

*   *   *

Енді Премьер-Лиганың басқа кездесулерінің қорытындыларына келейік.

«Оқжетпес»-«Қайсар» — 2:2.

Гол авторлары: Асхат Тағыберген 3-минут (0:1); Дмитрий Пархачев, 32-минут (0 2:); Тимур Досмағамбетов, 45+1 минут(1:2); Тимур Досмағамбетов, 87-минут, пенальти (2:2).

«Шахтер»-«Астана» — 0:1.

Гол авторы: Таңат Нөсербаев, 66-минут (0:1).

«Ертіс»-«Жетісу» — 3:0.

Гол авторлары: Павел Шабалин, 27-минут (1:0); Ұлықбек Бақаев, 45-минут (2:0);  Владимир Яковлев, 46-минут (3:0).

«Қайрат»-«Тараз»» — 2:1.

Гол авторлары: Александр Кучма, 27-минут (0:1);  Йосип Кнежевич, 47-минут, пенальти (1:1); Соуто Густаво, 60-минут (2:1).

«Ақжайық»-«Ордабасы» — 1:1.

Гол авторлары:  Ғафуржан Сүйімбаев, 22-минут (0:1);  Якуб Хлебоун, 64-минут (1:1).

«Атырау»-«Сұңқар» — 1:0.

Гол авторы: Никола Миланкович, 79-минут (1:0).

*   *   *

21-турдың ерекшеліктері.

Біріншіден, бұл турда 18 гол соғылды. Бұл есеп чемпионат басталғалы төртінші рет қайталанып тұр. ІІ, ХІІ, ХVІІ турларда дәл осылай 18 гол соғылған болатын.

Екіншіден, үш кездесуде алаң иелері, бір ойында қонақтар жеңді, үш кездесу тең нәтижемен аяқталды. 1:0 және 2:2 есептері екі реттен қайталанды.

Үшіншіден, бұл турда бір рет ірі есеп нәтижесі (3:0) тіркелді. Екі рет белгіленген он бір метрлік айып добы сәтті орындалды. Екі футболшы (Халмұратов, «Ақжайық»; Юрин, «Ертіс») ойын ережесін өрескел бұзғаны үшін жасыл алаңнан қуылды.

Төртіншіден, «Ертіс» өз алаңында қарсыластарын осымен бесінші рет ірі есеп нәтижесімен ұтты.

Бесіншіден, «Тобыл» өз алаңындағы барлық он бір ойынды ұтылыссыз, бұл жолы тең аяқтаса, былтырғы чемпион, биыл да көш бастап келе жатқан «Шахтер» өз алаңында алғаш рет ұтылды. Ал өткен жылғы күміс жүлдегер «Жетісу» сырт алаңда тоғызыншы рет жеңілуге мәжбүр болды.

Алтыншыдан, «Астана» мен «Тараз» сырт алаңда бесінші реттен жеңіске жетсе, «Атырау» өз алаңында бесінші рет ұтысқа ие болды.

Жетіншіден, «Қайрат» өз алаңында үшінші рет жеңіске жетсе, «Ордабасы» сырт алаңда бесінші рет тең ойнады.

Сегізіншіден, бұған дейін қатарынан алты рет жеңілген «Оқжетпес» тең ойынға қол жеткізді.

Тоғызыншыдан, осы турда 2:1 есебі жиырмасыншы рет, 2:2 есебі бесінші рет қайталанды.

Осы кезге дейін 144 кездесу өткізіліп, 74 ойында қожайындар, 39 кездесуде қонақтар жеңіске ие болды, 31 ойын тең нәтижемен аяқталды.

Чемпионат басталғалы 348 гол, ал әр кездесуде орта есеппен 2,41 гол соғылды.

Әзірге чемпионат барысында ең көп (39 рет) қайталанған есеп — 1:0.

 

Ойын кестесі

 

Командалар           О         Ұ         Т         Ж        Д         Ұп

 

1  «Шахтер»            21       13       2          6          41-14  41

2  «Тобыл»              21       12        5         4          35-22  41

3   «Ертіс»                21       11        6         4          37-17  39

4   «Астана»            20       11        4         5          27-20  37

5   «Тараз»               21       11        2         8          25-27  35

6   «Ақтөбе»           19       9          5         5          26-15  32

7   «Ордабасы»      20       8          6         6          23-19  30

8   «Ақжайық»         20       8          4         8          27-25  28

9   «Атырау»            21       7          4         10       15-27  25

10  «Қайсар»           21       6          6         9          18-24  24

11 «Қайрат»                        20       5          7         8          20-28  22

12 «Сұңқар»            21       5          6         10       13-23  21

13 «Жетісу»             21       5          3         13       24-41  18

14 «Оқжетпес»       21       2          2         17       15-44  8

 

(О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай).

 

Сұрмергендер:

1. Игорь Зенькович («Ақжайық») — 9 (үшеуі — он бір метрлік айып добы);

2. Бауыржан Жолшиев («(Тобыл») — 8.

3. Эдин Юнузович («Жетісу») — 8.

4. Ұлықбек Бақаев («Ертіс») — 8 (2).

5. Сергей Струков («Ертіс») — 6;

6. Гедеминас Вичюс (Шахтер») — 6.

7. Таңат Нөсербаев («Астана») — 6;

8. Андрей Финонченко («Шахтер») — 6.

9. Игорь Юрин («Ертіс») — 6.

10. Йосип Кнежевич («Қайрат») — 6 (3).

*   *   *

«Ақтөбе» футболшыларының еншісі:

Сергей Лисенков — 4;

Марат Хайруллин — 4 доп (үшеуі  — он бір метрлік айып добы);

Брана Илич — 3;

Петр Бадло — 2;

Тимур Кападзе — 2;

Лукаш Байер — 2;

Арунас Климавичус — 1;

Дарко Малетич — 1;

Самат Смақов — 1;

Зоран Костич — 1.

Юрий Логвиненко — 1;

Александр Гейнрих — 1;

Сергей Ковальчук — 1;

Роберт Праймус — 1;

Эмиль Кенжесариев — 1.

*   *   *

Енді екі апталық үзілістен соң 15 қыркүйек, сенбі күні «Ақтөбе өз алаңымызда «Оқжетпесті» қабылдайды.

 Қалған кездесулер:

«Ақжайық» — «Шахтер»;

«Ордабасы» — «Қайрат»;

«Тараз» — «Ертіс»;

«Жетісу» — «Тобыл»;

«Қайсар» — «Атырау»;

«Сұңқар» — «Астана».

 

Қазақстан Кубогы

 

Ширек финалда Шымкентпен кездесеміз

 

Қазақстан Кубогының ширек финалдық (1/4) ойындарының жеребесі тартылды.

Кездесулер 19 және 29 қыркүйек күндеріне белгіленді. Жерлестеріміз алғашқы ойынды өз алаңымызда өткізеді.

Жеребенің жалпы нәтижесі төмендегідей:

«Ақтөбе» — «Ордабасы» (Шымкент);

«Қайсар» (Қызылорда) — «Астана»;

«Жетісу» (Талдықорған) — «Шахтер» (Қарағанды);

«Ертіс» (Павлодар) — «Тобыл» (Қостанай).

Әлем чемпионаты-2014

 

Ел құрамасына екі футболшымыз еніпті

 

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек Әлем чемпионатының іріктеу турниріне шақырылған футболшылардың аты-жөндерін мәлім етті.

Құрама сапында «Ақтөбенің» екі футболшысы бар: қақпашы Андрей Сидельников пен жартылай қорғаушы Марат Хайруллин.

7 қыркүйекте Астанада өтетін Қазақстан — Ирландия және 11 қыркүйекте сырт алаңда өтетін Швеция — Қазақстан кездесулеріне шақырылған футболшылардың толық тізімі төмендегідей түзіліп тұр.

Қақпашылар: Антон Цирин («Ақжайық», Орал), Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер», Қарағанды);

Қорғаушылар: Александр Кислицын («Тобыл», Қостанай), Михаил Рожков («Астана»), Қайрат Нұрдәулетов («Астана»), Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы», Шымкент), Марк Гурман («Қайрат», Алматы), Алесандр Киров («Шахтер», Қарағанды), Константин Энгел («Энерги», Коттбус, Германия), Виктор Дмитренко («Астана»);

Жартылай қорғаушылар: Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Ұлан Қонысбаев («Астана»), Валерий Коробкин («Астана»), Бауыржан Исламхан («Тараз»), Бауыржан Жолшиев («Тобыл», Қостанай), Дмитрий Шомко («Ертіс», Павлодар), Серікжан Мужиков («Жетісу», Талдықорған), Павел Шабалин («Ертіс, «Павлодар), Анатолий Богданов («Тобыл», Қостанай), Хайнрих Шмидтгаль («Гройтер Фюрт», Германия);

Шабуылшылар: Сергей Остапенко («Астана»), Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Гридин («Шахтер», Қарағанды);

Резервтік тізім: Владимир Логиновский («Жетісу», Талдықорған), Андрей Карпович («Ордабасы», Шымкент), Жамбыл Көкеев («Шахтер», Қарағанды), Алексей Щеткин («Жетісу», Талдықорған), Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы», Шымкент), Мақсат Байжанов («Шахтер», Қарағанды), Марат Шахметов («Астана»), Антон Чичулин («Ертіс», Павлодар).

Бұдан соң, яғни биылғы жылдың аяғына дейін Қазақстан құрамасы Австриямен екі рет кездеседі. Алғашқы кездесу өз алаңымызда 12 қазан күні, ал Австрияда 16 қазанда өтеді. Қалған ойындар келесі жылдың еншісіне бұйырып тұр.

2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде «С» тобында төмендегі командалар бар: Германия, Швеция, Ирландия, Австрия, Фарер аралдары, Қазақстан.

 

Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button