Әлеумет

Жедел қызмет желкелеген жемқорлық

Ақтөбе облысы бойынша қаржы полициясы департаменті

үстіміздегі жылдың алты айының  жедел қызметінің қорытындылары  бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізді.

Департаменттің жедел қызметі — сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру арқылы еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтар мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Бұл жерде департамент өз жұмысын Елбасының тапсырмаларына және жоғарғы басшылықтың нұсқауларына сүйеніп жүргізеді. Оның қызметтерінің

басым бағыттарына экономикалық және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға жол бермеу, оларды жасауға мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою  жатады.

Биылғы жылдың алты айында департаментте 212 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 151 экономикалық қылмыс ашылды. Соның нәтижесінде салық төлеуден жалтару (7), алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы (3), экономикалық контрабанда (2),  жалған ақша жасау (90), жалған кәсіпкерлік (7), зияткерлік меншік құқығын бұзу (12), алаяқтық (18) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Республикалық бюджеттің маңызды бөлігін салықтық түсімдер құрайтыны белгілі. Бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдердің уақтылы және толық келіп түсуі — мемлекетіміздің қалыпты жұмыс істеуінің нақты кепілі болып табылады.

Қазіргі кезде экономикалық заңсыздықтарға жол берген «Сантана Сити», «Монолит Альянс ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшылығына қатысты қылмыстық істер тергелуде. Олардың салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық әрекетінің нәтижесінде жалпы көлемі  60,3 млн. теңге және 48,1 млн. теңге аса үлкен мөлшерде материалдық залал келтірілген.

Сонымен қатар, Шалқар қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық тергеу ісі аяқталды. Ол ағымдағы жылдың ақпан айында заңсыздық екенін  біле тұра, еліміздің «Халық банкіне» жалған қағаз ақшалар өткізген.

Қай кезде де сыбайлас жемқорлықпен күрес қаржы полициясы органдарының жұмысының басты  бағыттарының бірі болып келеді.

Ағымдағы жылдың алты айында департамент 50 сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтады. Анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 25-і парақорлық фактісі бойынша, 8-і өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша тіркелді. Сөйтіп, пара алу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны өткен жылдың үйлес мерзімімен салыстырғанда 3 есе немесе 7-ден 22-ге дейін көбейді.

Мысалы, Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының бас маманына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін жеке кәсіпкерден  30 мың теңге  пара алған.

Елбасының, біздің жоғарғы басшылықтың қойып отырған талабы — экономикалық қылмыстың және сыбайлас жемқорлық  көріністерінің алдын алу және оларға жол бермеу, қоғамның тұрақтылығына аса қауіп төндіретін ірі жемқорлық фактілерін анықтау,  жолын кесумен байланысты екені даусыз.

Тек үстіміздегі жылдың алты айында департамент тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде  сыбайлас жемқорлықтың 9 фактісі ашылды.

Бір ғана мысал, осы жылдың 19 маусымында Хромтау ауданы бойынша салық басқармасының бастығына қатысты бірнеше қылмыстық істер тергелді. Ол бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін заңды және жеке тұлғалардан  20 мың теңгеден  25 мың теңгеге дейін пара алған.

Қаржы полициясы органдарының жұмысының тиімділігі азаматтық қоғамның әр мүшесінің белсенділігіне  байланысты болады. Мәселен, әрбір азамат өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы қаржы полициясы органдарының бірыңғай «144» сенім телефонына хабарлама бере алады.

 

Ақтөбе облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы).

Сенім телефоны: 144.

Кәсіпкерлерді қабылдау әр аптаның сәрсенбі күні белгіленген.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button