Спорт

Балғын футболшылардың биіктігі

Жуырда Маңғыстау өңірінің футболына өлшеусіз үлес қосқан Сәрсенбек Келжановты еске түсіруге арналған қаларалық турнирден ақтөбелік балғын футболшылар жеңімпаз болып оралды.

Ақтөбе қаласындағы футболдан балалар мен жасөспірімдердің облыстық мектебі тәрбиеленушілері еліміздің батыс аймағында мықты деп танылып отыр. Осы мектеп директорының орынбасары Николай Юдиннің айтуынша, 1996 жылы туған балалар ақтық ойында алаң иелерінен 1:0 есебімен басым түскен.

Вячеслав Корышев пен Тұрғали Ильгулдиннің шәкірттері арасынан Рүстем Сахибов үздік шабуылшы деп танылып, ақшалай сыйлықпен марапатталған. Директордың орынбасары ақтөбелік команданың қақпашысы Мұхамбет Тамабайдың өнерін де футбол мамандарының жоғары бағалағандығын айтады.

– Балаларға дұрыс бағыт бере білсек, талай чемпиондарды шығаруға болады. Ал бұл 1996 жылғы балалар әзірге қарсыластарына дес бермей келеді. Енді олар маусым айында Орал қаласында өтетін ел чемпионатына дайындықты бастайды, – дейді Н. Николайұлы.

Ақтауда өткен турнир алдағы доданың алдындағы оқу-жаттығу дайындығы іспетті болып, үздіктерді іріктеуге мүмкіндік берген.

Серік ӘБДІБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button