Ауыл

Қарасулықтардың қуанышы

Ауызсу

Көптоғай ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылында көптен күткен маңызды әлеуметтік нысан — орталықтандырылған ауызсу жүйесі пайдалануға берілді.

Аталған нысанның ресми ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Қазыбаев қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтады. Аудан басшысы тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету халықтың тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығы үшін аса маңызды мәселе екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан ауылдарды дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты.

Жаңа су жүйесінің іске қосылуы нәтижесінде ауыл тұрғындары енді сапалы әрі таза ауызсумен тұрақты түрде қамтамасыз етілетін болады. Бұл тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартып қана қоймай, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына да оң әсерін тигізеді. Қарасулықтар көрсетілген қолдау мен атқарылған жұмыстар үшін аудан басшылығына және жауапты мекемелерге шынайы ризашылықтарын білдіріп, ауызсу мәселесінің шешілуі ауыл халқы үшін үлкен қуаныш әрі көптен күткен игілік екенін атап өтті.

С.ҚОЙБАҒАРОВ,

Ойыл ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button