Ауыл

Ақсуда да интернет бар

Интернет

Ауылға мобильді байланыстың келуі  — Мұғалжар ауданы Ақсу ауылы тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Енді олар интернетке оңай қосылып, жұмысы мен тұрмысын жеңілдете алады.

Бүгінде елдімекенде 34 аула бар, онда 217 адам тұрады. Ауыл аудан орталығы — Қандыағаш қаласынан 115 шақырым жерде.

Kcell-дың жаңа базалық станциясы аудан бюджетінен бөлінген қаржыға орнатылған. Базалық станцияның биіктігі — 30 метр. Құны 19 млн теңгеден асады.

Жоба Мемлекет басшысының цифрлық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамыту тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button