Ауыл

Ортақтың интернеті жақсарды

Байланыс

Елімізде Мемлекет басшысының елді мекендерді заманауи байланыс инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында Қобда ауданында бірқатар жұмыс атқарылуда. Соның нәтижесінде ауданның шалғай және шағын ауылдарындаұялы байланыс пен интернет қолжетімді бола түсті.

Қобда ауданының Жарық ауылдық округіне қарасты Ортақ елді мекеніндеBeeline ұялы байланыс операторының базалық станциясы орнатылып, белгіленген тәртіпке сәйкес пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны 4,9 млн теңге. Бұған дейін шағын ауылмен байланыс мүлде болмаған.

Қазіргі таңда Ортақ елді мекенінде 70-ке жуық тұрғын тұрады. Енді ауыл халқы ұялы байланыс пен мобильді интернет қызметін тұрақты әрі сапалы түрде пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Бұл тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, жедел қызметтермен байланыс орнатуға, білім мен ақпарат көздеріне қол жеткізуге жол ашып отыр,— деді Ортақ ауылының әкімі Таңат Кенбаев.

Айта кетейік, Қобда аудандағы 31 елді мекеннің 27-сі тұрақты байланысқа қосылған. Сонымен қатарҚаракемер ауылында демеушілік қаражат есебінен антенна-мачталық құрылым орнатылып, байланыс күшейтілді.

Ортақ және Қаракемер ауылдарында байланыс пен мобильді интернет толық іске қосылғаннан кейін аудан бойынша интернетпен қамту деңгейі 93,5 пайызға жетті.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ,

Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button