Қыстың сәні — сырғанақ

Қазір қар жауып, мұз қатып, қыстың сәні келіп тұр. Бұл маусымда ақтөбеліктер бос уақытын белсенді өткізгенді жөн көреді. Балалар үшін шана сүйреп, сырғанақ теуіп, таза ауада ойнайтын ең қызықты кезең. Ойын алаңдарында әдеттегідей балалардың қарасы көп. Соңғы жылдары Ақтөбеде қысқы демалысқа арналған алаң саны артып келеді. Осы орайда біз қала тұрғындары жиі баратын бірнеше орталықты аралап көрдік.
Облыста 325 мұз айдыны бар
Қытымыр қыстың да көңілге қуаныш сыйлайтын сәттері аз емес. Алғаш ақ ұлпа түскенде балалар аққала жасап, қар атысып, ойнайды. Ал адам көп жиналатын орындардағыжып-жылтыр мұзда ересектердің өзі еріксіз сырғанақ теуіп кетеді.
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, биыл өңірде 330-ға жуық мұз айдыны жұмыс істеп тұр. Сырғанақ тебу бағасы да көңілге қонымды. Ақтөбедегі мұз айдындарында конькиді жалға алу құны орта есеппен — 1500 теңге.

Қала тұрғындары қысқы демалыс кезінде әсіресе орталық саябақтағы, «KeruenCity» сауда-ойын-сауық орталығы маңындағы алаңдар мен ашық мұз айдындарын жиі таңдайды. Орталық саябақтағы сырғанақта қақаған аязға қарамай, тюбингтерін көтеріп, биікке қарай асыққан балалар мен ересектердің қарасы қалың.
Мұз айдынына кіруден және коньки жалға беруден түскен қаражат нысанның жұмысын үздіксізқамтамасыз етуге жұмсалады. Жиналған қаражат коньки қорын толықтыруға және қолда барын күтіп ұстауға жұмсалады. Ал өз конькиімен келген тұрғындардың сырғанау уақытына шектеу қойылмайды. Бұл — кәсіп иелерінің келушілерге қолайлы жағдай жасауға деген талпынысы.
«Мұз айдыны» ұжымының өкілі Парасат Ниязовтың айтуынша, басты мақсат — жастарды, әсіресе балаларды белсенді қимыл-қозғалысқа тарту, олардың бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуіне мүмкіндік беру.
— Балалардың сабақтан кейін телефонға телміріп отырғанын жиі көреміз. Ал мұз айдыны — таза ауада шынығуға, қимыл-қозғалысты арттыруға жақсы мүмкіндік. Бұл бала ғана емес, жұмысбасты ересектерге де сергектік сыйлайды. Қазір қорымызда 150-ге жуық коньки бар, мұз айдыны да шамамен сонша адамға есептелген, — дейді ол.
Сонымен қатар мұнда қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән берілетінін атап өтті. Оның айтуынша, мұз айдыны бес жыл аралығында қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған.
— Ересектер мен балаларға арналған алаңдар бөлек салынды. Келушілер сырғанамас бұрын міндетті түрде қауіпсіздік ережесімен танысады. Алаңда бейнебақылау камералары орнатылған. Биыл мұз айдынының аумағын кеңейтіп, келушілержылынатын арнайы орын жабдықтадық. Қазір ұжымда 30-ға жуық қызметкер бар. Біз үшін демалушылардың қауіпсіздігі — бірінші орында. Қандай да бір оқыс жағдай бола қалса, алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылады. Барлық маман арнайы тексерістен өткен, — дейді П.Ниязов.
Мұз айдынының жұмыс күндері кешке дейін, ал демалыс күндері түн ортасына дейін жұмыс істеуі де тұрғындар үшін қолайлы. Алғаш рет келгендерге арнайы инструктор бекітіліп, сырғанаудың қыр-сырын үйретеді.
Сырғанақ тебуге жиі келетіндердің бірі — 21-мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Әлинұр Әділұлы. Ол мұнда достарымен бірге келуді ұнатады.
— Қысқы демалысымыз өте қызықты өтіп жатыр. Достарымызбен бірге коньки теуіп, уақыттыкөңілді өткіземіз. Осындай ашық мұз айдындары көбірек болса екен. Сауда орталықтарынан гөрі, таза ауада демалған ұнайды. Біз үшін бұл — әрі демалыс, әрі спорт, — дейді ол.
Ал тюбинг пен квадрациклді жалға беретін кәсіпкер Нұрбек Ернұрхан үшін де қауіпсіздік мәселесі — басты назарда. Оның айтуынша, әрбір келуші ең алдымен бекітілген тәртіппен танысады.
— Тюбинг— бір адамдық, бірнеше адамның отыруына тыйым салынған. Арнайы тұтқасынан мықтап ұстап, аяқ-қолды жинап сырғанау қажет. Ал квадрациклге мінгенде қорғаныш дулығасын кию міндетті. Қозғалыс жылдамдығыбелгіленген шектен аспауы шарт.Балаларды 8 жастан бастап қабылдаймыз. Салмағы 80-90 келіден асатын ересектерге рұқсат жоқ. Балалар тек ересек адаммен бірге келуі шарт. Бұл талап орындалмаған жағдайда техника жалға берілмейді. Тюбингпен сырғанау сағатына 2000 теңгеден басталса, квадрацикл айдау — 5 минутқа 2000 теңге,— дейді ол.
Кәсіпкердің айтуынша, барлық тюбинг пен квадрацикл күн сайын техникалық тексерістен өткізіледі. Сырғанайтын және жұрт жүретін аумақтар да назардан тыс қалмайды: тайғақ жерлерге құм мен тұз себіліп, адам көп жиналатын жерлер үнемі бақыланады. Қауіпсіздік ережелері жазылған арнайы тақталар да көзге көрінетін жерге орналастырылған.
Ал қала ішіндегі ең танымал мұз айдынының бірі «KeruenCity» сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан. Бұл айдын 2009 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Мұнда 13 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан білікті маман Алия Гамлетова қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән берілетінін атап өтті.
— Ұжымда онға жуық қызметкер бар, кадр жеткілікті. Келушілер алдымен арнайы анкета толтырады. Мұз айдыны болғандықтан, сақтық шаралары қатаң сақталады. Инструкторлар қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, алғашқы көмек көрсетуге дайын. Шлем мен қорғаныш жабдықтарын кию міндетті. Демалыс күндері тәулігіне 400-500 адамға дейін қабылдаймыз. Қорымызда 200-300 коньки бар, жалға бір сағатқа беріледі. Көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдік қарастырылған, — дейді ол.

Қала сыртындағы демалыс
Ауасы таза, арнайы жабдықталған демалыс орындарына да тұрғындар қыс мезгілінде жиі барады. Табиғат аясында тынығып, қысқы спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін мұндай нысандардың қатары жыл сайын толыға түсуде. Соның бірі — «Тау» демалыс базасы. Мұнда келушілер мұз айдынында сырғанап, тюбингпен төмен сырғып, атпен серуендей алады. Отбасымен немесе достарымен келетіндер үшін қонақүй, монша және демалуға арналған үйшіктер бар. Үйшікті жалға алу құны 15 мың теңгеден басталып, адам санына қарай өзгереді. Ал қызмет түрлеріне келсек, конькиді жалға алу — сағатына 2000 теңге, тюбингпен сырғанау — 3000 теңге. Атқа мініп серуендеу бір айналымға — 1000 теңге, ал сағатына 5000 теңге .
Қаласыртындағытағыбіржайлыдемалысорны— «Солнечный» демалысбазасы. Бұлорталықкелушілердікүнсайынсағат 11.00-ден бастапқабылдайды. Демалысбазасыныңәкімшісі Индира Әбілғазыныңайтуынша, мұндаотбасыменкелетіндеркөп.
—Қаланыңқарбаласынаналыстап, тыныштықтадемалғысыкелетіндергебіздебарлықжағдайжасалған. Қылқанжапырақтыағаштардыңаясындасеруендеудіңөзіадамғаерекшеәсерсыйлайды. Мұнда коньки мен тюбингтіжалғаалубағасы— 1000 теңге.Соныменқатартабиғатаясында фотосессия жасауға да мүмкіндік бар, олқызмет ақылы. Ал 10 адамғаарналғанүйшіктіжалғаалуқұны 25 мыңтеңгеденбасталады, — деді ол.
Көктайғақта абай бол!
Қысқы қызықпен бірге қауіп те қатар жүреді. Мамандардың айтуынша, көктайғақтың салдарынан жарақат алып, медициналық көмекке жүгінетіндер бұл мезгілде көбейеді. Облыстық аурухананың дәрігер-травматологі Қуандық Орда қыс басталғалы бері жарақат алғандар саны жиілегенін айтады.
— Жыл басынан бері, яғни 1-5 қаңтар аралығында ауруханаға шамамен 400 адам жүгінді. Оның 38-і көктайғақта құлап жарақат алған. Ал бір күннің өзінде таңғы сағат 08.00-ден 15.00-ке дейін 40 науқас түсті, соның 20-сы тайып құлаған, — дейді дәрігер.
Маманның сөзінше, қыс мезгілінде көбіне білек, иық, жамбас пен сирағын сындырып, тобығын шығарып келетіндер көп. Сонымен қатар бас пен омыртқа жарақаты да аз емес.
— Құлаған адамды бірден орнынан тұрғызуға болмайды. Егер аяғы сынды деген күдік болса, екі аяқты қатар ұстап, қатты затпен таңу қажет. Ең бастысы — өздігінен ем іздемей, бірден дәрігерге қаралу. Сынықтың жеңіл-ауыр түрі болмайды, кез келгені қауіпті, — деп ескертеді маман.
Сондай-ақ дәрігер сіңірдің созылуы мен үзілуіне де дер кезінде мән берген жөн деп санайды. Оның айтуынша, егер ісік бірнеше күн ішінде басылса, бұл — сіңір созылғанның белгісі. Ал ісік ұлғайып, қан жиналса, сіңір үзілген болуы мүмкін. Мұндай жағдайда нақты диагноз МРТ тексерісінен соң белгілі болады. Маманның айтуынша, қысқы демалысты қауіпсіз әрі пайдалы өткізу үшін табаны таймайтын аяқкиім киіп, сақтық шараларына мән беру қажет. Ал қысқы ойынның қызығына түскенбала әрдайым ересектердің бақылауында болуы керек.
Айдана АЛТЫБАЕВА.





