«Абай мұрасы — ұрпаққа аманат»

Бәрекелді!
Ұлы ойшыл ақының шығармаларын жас буынға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Абай мұрасы — ұрпаққа аманат» атты аудандық кітап трейлері байқауында Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Айнат Нұрлыбек жүлделі бірінші орынға ие болды. Бұл байқауға барлығы 35 оқушы қатысты.
Оқушы Абайдың терең мағыналы қарасөздерін оқып, көркем ойдың құдіретін тыңдаушыға шебер жеткізе білді.
— Айнат Нұрлыбек — біздің белсенді оқырмандарымыздың бірі, ол бала кезінен кітап оқуға құштар, кітапханаға келген жаңа туындылармен танысып, өз ойын бөлісіп жүргенді жақсы көреді. Абай сөзімен сусындаған ұрпақ елдің жарқын болашағы екенін насихаттап жүрген оған алдағы уақытта да биік белес тілейміз, — дейді мектеп кітапханашысы Гаухар Қуандықова.
Ж.БАЙДӘУЛЕТОВ,
Шалқар ауданы.



