Үздіктер марапатталды

Байқау
Ақтөбедегі Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп-гимназиясында «Үздік мұғалім — 2025» байқау–марафоны өтті.
Терең ой, түзу сөз,қажымас еңбек — ұстаздыққа тән қасиет. Мұғалім өз біліктілігін көтеру жолында әрдайым ізденісте болуы керек. Мамандардың жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқау бірнеше кезеңмен өтті. Оның ішінде педагогтердің өз пәні бойынша білімін, әдістемелік шеберлігін, авторлық жұмыс тәжірибесін, зерттеу нәтижесін, т.б. айқындау көзделді.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік мұғалім — 2025» атағына лайық ұстаздар анықталды. Атап айтқанда, Ақмарал Ешмұханова бас жүлдеге ие болды.
Ал Айсұлу Маруова мен Гүлсамал Төлеухан І орын иегерлері атанды.
Жүлдегерлер қатарында Аңсаған Ордабаева, Әйгерім Серікбаева, Еламан Серікбаев, Ақерке Аралбаевалар бар.
Айасыл Хасенова, Ақмаржан Жандосқызы, Әйгерім Тәңірбергенова, Гүлбақыт Атығай сынды ұстаздар түрлі номинация бойынша марапатталды.
Педагог мамандардың жауапкершілігін арттыру мен кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған іс-шараға ұстаздар үлкен ынта-ықыласпен қатысты. Бұл байқаудың өзара тәжірибе алмасуға да септігі зор болды деп есептейміз.
Г. МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.



