Өрт сөндіру бекеті ашылды

Әлеуметтік серіктестік
Қобда ауданына қарасты Терісаққан ауылында Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында ерікті өрт сөндіру пункті ашылды. Бұл — еліміз бойынша ашылған 110-нысан.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Өрт сөндіру бекетін салуға жергілікті кәсіпкер, ауыл тұрғыны, «Терісаққан — 2017» ЖШС басшысы Ерлан Қаспақов демеуші болған. Нысан құрылысына 70 миллион теңге жұмсалған. Бекет қажетті техникамен және құрал-жабдықпен толық жабдықталып, жеті адам тұрақты жұмысқа орналасты.Бұл нысан өңірдің өртке қарсы қорғаныс жүйесіне енгізіліп, енді жалпы саны 1 815 адам тұратын үш елді мекенге қызмет көрсетеді.
Айдана АЛТЫБАЕВА,
Қобда ауданы.



