Спорт

Бұқаралық спортты дамыту — басты міндет

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында біздің облысымызда бұқаралық спортты дамыту, әсіресеауылдық жерлерде футбол инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылуда.

Аталған жобалар негізіненбюджеттік емес, демеушілік және жеке инвестиция көздеріесебінен жүзеге асырылып келеді.Бүгінгі таңда облыс аумағында 450 футболалаңы бар. Оның 305-і ауылдықелді мекендерде орналасқан.Бұл – ауылжастарының спортпен жүйелі түрдеайналысуына жасалып отырған нақты қолдаудыңнәтижесі.

Биылғы жылы Ақтөбе қаласындағы «ALAN» жобасы аясында футбол алаңы жаңартылды. Хромтауда «FIFA ARENA» бағдарламасы аясында футбол алаңы салынды. Қандыағаш қаласында«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС демеушілігіменжаңа стадионның құрылысы аяқталды.

Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында «Самұрық-Қазына» демеушілігімен шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Ақтөбе қаласында жеке инвестиция есебінен салынған «Life Style», «Alikhan» спорт кешендері және «Butterfly style»  спорт кешені жұмыс істейді.

Егер нақтылап айта кететін болсақ, «Life Style» спорт кешені 4500 шаршы метраумақты қамтитын 3 филиалдан тұрады. Спорт кешенде 2 футбол және 8 волейбол алаңдары бар. Мұнда волейболмен 850 оқушы, футболмен 300 оқушы қамтылып отыр. Жаттықтырушы құрам 20 маманнан жасақталған. Оның 14-і волейбол, 6-ы футбол спорт түрі бойынша жетекшілік жасайды.

Сондай-ақ, «Life Style» спорт кешенінде бассейн, жаттығу және фитнес залдары жұмыс істейді. Спорт секцияларының құны айына орта есеппен15 000 теңге. «Alikhan» спорт кешенінде 6 футбол, 3 волейбол алаңы бар.  Соның ішінде 1 алаң ұлттық лига ойындарын қабылдай алады.

Футбол бөлімінде 28 жаттықтырушы, 730  оқушы болса, волейбол бөлімінде 9 жаттықтырушы, 170 спортшы бар.

Сонымен қатар, «Alikhan» спорт кешенінде «ALPHA GYM» фитнес орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықта жекпе-жекке арналған сегізбұрыш, күрес, бокс, гимнастика және хореография залдары қызмет көрсетеді. Спорт секцияларының құны айына орта есеппен 15 000 теңге.

«Butterfly Style» спорт кешені базасында ұзындығы 25 метр болатын алты жолақты бассейн, сондай-ақ бокс, күрес және йога залдары жұмыс істейді.

Жүзу бөлімінде 4 жаттықтырушы, 200 спортшы болса,бокс, күрес және йога бөлімдерінде3 жаттықтырушы, 100 спортшы бар. Спорт секцияларының құны айына орта есеппен 15 000 теңге.

Жалпы, облыста спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағыжұмыстар жүйелітүрде жалғасуда.Алдағы уақытта дабюджеттік емесқаржыкөздерінтарту арқылы жаңа спортнысандарын салу және қолданыстағыларынжаңғырту жоспарлануда.Бұл өз кезегіндеөңірде бұқаралық спорттың дамуынажәне салауатты өмір салтын қалыптастыруға серпін беретіні сөзсіз.

Наурызғали ЖАҚИН,

облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм

басқармасының бөлім басшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button