Білім

Жасанды интеллект — заман талабы

Колледж

Цифрлық сауаттылық — цифрлық құралдарды, платформаларды және технологияларды тиімді қолданудың маңызды тетігі. Бүгінде цифрлық инфрақұрылым білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды.

Соның ішінде жасанды интеллект пен цифрлық сауаттылық — білім беру жүйесінің негізгі екі компоненті.

Бұлар оқушыларды ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі болуға дайындайды. Жасанды интеллект білім беру платформасындағы үдерісті жеңілдетіп, оқу процесін жекелендіруге мүмкіндік береді. Қазір цифрлық технологиялардың қолданылу аясы кеңейіп, барлық саладағы өзгерістер білім беру жүйесіне тікелей әсер етіп жатыр. Соңғы жылдары жасанды интеллект (AI) цифрлық білім берудің маңызды элементіне айналып, оқыту үдерісінің бағдарламасына жаңа мүмкіндіктер ашуда.
Жасанды интеллект оқушының компьютерлік құрылғыларды, ғаламторды, онлайн платформаларды, ақпараттық ресурстарды қауіпсіз әрі тиімді пайдалана білуіне және оқушының технологиялық дағдыларын жаңа деңгейге шығаруына көмектеседі. Мәселен, AI құралдары мәтінді автоматты түрде сараптап қана қоймай, оқушыларға ақпараттың шынайылығын тексеруге мүмкіндік береді. Графика және дизайн құралдары, музыкалық генераторлар, мәтіндік ассистенттер жасағанда цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қатаң сақтаған жөн.
Осы тұста жасанды интеллектінің мынадай артықшылықтарын атап көрсетуге болады. Біріншіден, AI құралдары оқыту сапасын арттырады, уақытты үнемдейді. Екіншіден, тең мүмкіндіктер жасайды, яғни оқушылардың жетістікке жетуіне жағдай туғызады. Үшіншіден, контент арқылы қызығушылықты арттырып, оқушының жетістігін автоматты түрде талдауға болады.
Желілік технологияны қолдану икемділік, ұтқырлық, сондай-ақ өндіріс өнімділігін арттырады. Сондықтан оқыту үдерісін жекелендіріп, ақпаратпен жұмыс істеуді жеңілдету үшін цифрлық қауіпсіздік дағдыларын, шығармашылық қабілетті және коммуникативтік дағдыларды дамытуға ықпал ету бағытындағы жұмысты жандандырамыз. Білім жүйесін цифрландыру осы саладағы бәсекеге қабілеттілікті арттырып, оқу-тәрбие процесін жеделдетуге және жеңілдетуге, оқушылар мен ұстаздардың, ата-аналардың жүктемесін азайтуға көмектеседі.

Айжан ӘЛЖАНОВА,
ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің
арнайы пән оқытушысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button