Жұмекен жырлары

Әдеби кеш
Ақтөбедегі №30 қазақ орта мектебінің кітапханасында «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында қазақтың көрнекті ақыны, халқымыздың аяулы перзенті Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған «Жүрегіме жақын жырлар» атты әдеби-лирикалық кеш өтті.
Кештің мақсаты — оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттыру, ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау және оның өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу болды.
Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет алып, оның жүрекке жақын өлеңдерін жатқа оқыды. Әсіресе 9-сынып оқушысы АйаруСуюнова ақынның «О, дариға» атты өлеңін мәнерлеп оқып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Кеш соңында оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ақын шығармашылығына деген құрметі мен сүйіспеншілігін білдірді. Бұл кеш жас ұрпақтың әдебиет пен поэзияға деген ынтасын ашып,сөз өнерінің құдіретін сезінуіне мүмкіндік берді.
Ләззат АЛТАЕВА,
№30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.



