Заң мен тәртіп

ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРДІ  

Шалқар ауданының шалғай ауылдарының бірі — Шетырғыз ауылдық округінде маңызды кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында өткізілді.

Аудан прокуратурасының бастамасымен өткен жиынға аудан әкімі Жанболат Жидеханов, аудан прокуроры Нұрболат Қатауов және құқық қорғау органдары мен бірқатар мемлекеттік мекеме өкілдері қатысып, ауыл тұрғындарымен кең көлемде ашық диалог құрды.

Кездесудің басты мақсаты — ауыл халқының көкейінде жүрген өзекті мәселелерді тыңдау, оларға құқықтық көмек көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру және билік пен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту.

Тұрғындар тарапынан жол, жарық, жайылым жер, медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік қолдау және құқықтық мәселелер бойынша бірқатар сауал қойылды. Әрбір сұраққа сала мамандары нақты жауап беріп, кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапты. Ал жедел шешуді қажет ететін сұрақтар хаттамаға енгізіліп, тиісті бақылауға алынатыны айтылды.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, жер қатынастары, заңсыз әрекеттерден қорғау, алимент өндіру, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу сияқты тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар тұрғындарға заңгерлер мен прокурорлар тарапынан тегін кеңестер берілді.

Ауыл халқы аталған іс-шараның өте маңызды әрі нәтижелі болғанын айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Олар осындай ашық диалог алаңы жиі өткізіліп тұрса деген ұсыныстарын жеткізді.

 

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button