Ерекше кеш

Концерт
Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен қазақ саңыраулар қоғамыныңқалалықМәдениет үйінде «Әлемнің сұлулығы — өнер» атты шығармашылық ұжымдардың дәстүрлі есеп беру концерті өтті.
Жыл сайын өтетін шара биыл мүгедектер күніне орай ұйымдастырылды.
Кеш барысында «Ког фильм студиясынан» Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары — халықтық атағы бар «Мы Вас любим» клоунада театры, «Жалын» би ансамблі, «Поющие руки» ансамблі, сондай-ақ «Калейдоскоп» брейк-данс үйірмесі мен «Аспаптар үні» ансамблі өз өнерін көрермен назарына ұсынды.
Шарада сөз алған Мәдениет үйінің директоры Гүлвира Біржанова ұжымның жыл бойғы еңбегін қорытындылай келе, ерекше жандардың осындай өнері арқылы қоғам өміріне белсенді араласып жүргенін атап өтті.
— Біздің басты мақсатымыз — мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бойындағы талантын ашып, қоғамға бейімдеу. Жыл сайын ұйымдастырылатын есеп беру кеші олардың шығармашылық жетістігін көрсету алаңына айналды.
Қазіргі таңда Мәдениет үйінде 23 қызметкер еңбек етсе, оның тоғызы — осы қоғам мүшесі. Мұнда бірнеше бағыттағы үйірме тұрақты жұмыс істейді. Мәселен, халықтық ұжымдармен қатар, «Драма» студиясы, «Бақыт» отбасылық клубы, пішу-тігу, шахмат және балаларға арналған «Kids KOG» ән-би ансамблі бар, — деді Г.Біржанова.
Шара соңында Мәдениет үйінің белсенді қызметкерлеріне Алғыс хат табысталды.
А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.



