Туризм: басымдықтар мен мүмкіндіктер

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған туризм салалық кеңесі 2024 жылықұрылып, қысқа уақыт ішінде өңірдің ішкі туризмін ілгерілетуге бағытталған маңызды алаң ретінде қалыптасты. Кеңес облыстағы туристік бизнесті біріктіріп, саланың жүйелі дамуына серпін беріп келеді.
Бүгінде кеңес құрамына туристік агенттіктер, қонақүйлер, демалыс орындары, мейрамханалар және қызмет көрсетудің түрлі бағыттарын ұсынатын 20 кәсіпкер кіреді. Олар туризм саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, бизнестің мүддесін қорғау, сапалы сервисті дамыту және өңірдің туристік тартымдылығын арттыру бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруда.
Туризм салалық кеңесі инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа туристік бағыттарды ашу, туристік өнімдерді көбейту және қызмет сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеп келеді. Кеңес өкілдері облыс басшылығымен және жергілікті уәкілетті органдармен тұрақты түрде кездесіп, саладағы түйткілдер мен кәсіпкерлер көтерген мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастырады.
Ішкітуризмдідамыту—кеңестіңнегізгібасымдықтарыныңбірі. Осы мақсатта табиғи, тарихи және мәдени нысандарды танытуға бағытталған ақпараттық турлар, форумдар, көрмелер мен түрлііс-шара ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстар өңірге келетін туристер санын арттыруға, жергілікті кәсіпкерлердің әлеуетін көтеруге және жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Осылайша өңірлік туризм салалық кеңесі кәсіпкерлер күшін біріктіріп, облыстағы туризмнің жаңа деңгейге көтерілуіне және оның дамуына елеулі үлес қосып отыр.
Күлшат МАСАЛИМОВА,
облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған
туризм салалық кеңесінің басшысы.



