Мәдениет

Ауылға «Арайлы Ақтөбе» келді

Ақпан айының басында ауданымызға Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония жанынан құрылған «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі келді. Ел арасында әлде де болса сирек қолданылатын фольклорлық аспаптармен өнер көрсеткен ансамбльдің бұл сапары елді бір серпілтіп тастады. Мысалы, мектеп оқушылары сыбызғы аспабын бірінші рет көріп, мәз болысты.

Ансамбльдің әншілері Гүлназира Сағынғанова, Арман Төлесінов, термеші Ғазиза Сарқытбаевалардың өнері көптің көңілінен шықты.

Ансамбльдің жетекшісі, Н.Тілендиев атындағы халықаралық дирижерлар байқауының лауреаты Елубай Кенжалиевтің жерлесіміз екенін мақтан тұтамыз. Айта кетейік, кеңес  үкіметі дәуірінде тіліміз бен дінімізді, ұлттық дәстүрімізді ұмыта жаздаған уақыттар болды, сол уақытта ауданымызға домбырашы Дина Құрманғалиева келіп, Мәртөк музыка мектебі жанына домбыра класын ашқан болатын. Елубай — сол мектепті бітірген алғашқы түлектердің бірі.

Біздің Елубайымыздың жетекшілігіндегі «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі бұл сапарында Жайсаң ауылындаға жетім балалар үйінде, аудан орталығында концерттерін берді. Саржансай, Хлебодар ауылдарына да ат басын тіреді.

Ансамбль мүшелеріне зор шығармашылық тілей отырып, ауылды, ауыл халқын ұмытпаңыздар дегіміз келеді.

 

Қ.Медетов атындағы балалар өнер мектебінің ұжымы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button