Білім

Тәрбиешілердің сабағы

Ақтөбе қаласындағы №9 «Бәйшешек» мектепке дейінгі ұйымында танымдық сабақ өтті.

Қалалық білім бөлімінің ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік шежіресі» атты бұл танымдық сабаққа қаладағы  №9 «Бәйшешек» және №25 «Ерке» мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілері қатысты.

Сабақ барысында олар біліктілігін, тапқырлығын, бойындағы шығармашылығын көрсете білді. Тәуелсіздік тақырыбында қойылымдар қойып, патриоттық өлең оқып, ән шырқады.

Шара барысында «Бәйшешек» мектепке дейінгі ұйымының жетекшісі Шолпан Торғайқызы мерекелік шараға жоғары дайындықпен келген ұстаздарға алғыс айтып, өз ризашылығын білдірді.

Шара АҚТАУОВА,

№9 «Бәйшешек» балабақшасының әдіскері.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button