Жаңалықтар

Мәртөк ауданында тұрғын үймен қамтамасыз ету қарқыны артуда

Мәртөк ауданының орталығында 54 отбасы жаңа баспаналарына қоныстанды, ал жыл соңына дейін тағы 88 отбасы өз үйлерінің кілтін алады.

Аудан әкімі Медет Ысқақов 54 пәтердің кілтін кезекте тұрған тұрғындарға табыстап, олардың қуанышына ортақтасты.

Кеңсахара ауылында 8 пәтерлі 4 үй толықтай дайын, ал Мәртөк ауылында 78 пәтерлі 39 үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.

Тұрғын үй кезегі:
– Көпбалалы отбасылар – 117
– Жетім балалар – 287
– Әлеуметтік осал топтар – 200
– Мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері – 65
Барлығы – 671 адам.

Бұл бастама – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Бұрынғы нәтижелер:
– 2019 жылы Мәртөк ауылында 8 үй (екі пәтерлі) пайдалануға беріліп, 14 отбасы қоныстанды.
– 2020 жылы Құмсай ауылында көпбалалы отбасыларға 20 коммуналдық тұрғын үй берілді.
– 2024 жылы тағы 8 үй сатып алынып, мұқтаж жандарға тапсырылды.

2024 жылдың соңына дейін барлығы 150 үйдің кілті табысталады.

Аудан әкімі басты мақсат – әр отбасының өз шаңырағында бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету дейді. Бұл бағытта Мәртөк ауданында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. Халықтың әлеуметтік қолдау бағытында осындай игі істер жалғаса бермек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button