Жаңалықтар

Облыс әкімі энергетика саласының мамандарына мемлекеттік наградалар табыстады

Желтоқсан айының әрбір үшінші жексенбісінде Қазақстанда Энергетик күні аталып өтеді. Бұл – еңбегі қарапайым азаматтар мен жалпы ел өмірінде жылумен, жарықпен электр энергиясымен қамтамасыз ету сияқты маңызды міндетпен байланысты адамдардың кәсіби мерекесі.

Өңір басшысы Ақтөбе облысындағы энергетика саласында еңбек етіп жүрген  мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Әкім өз сөзінде энергетика саласының өңірдің дамуы мен халықтың өмір сапасын жақсартудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл сала – тұрақтылықтың негізі, ал энергетиктердің қажырлы еңбегі экономиканың алға басуына және тұрмыстық жағдайдың жақсаруына тікелей әсер етеді.

«Мемлекет басшысы энергетикалық кәсіпорындардағы жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын қолдау үшін жаңа өндіруші қуаттарды жаңғырту, іске қосу және оған инвестициялар тартудың маңыздылығына бірнеше рет тоқталып, арнайы тапсырма бергенін де білеміз. Бүгін біз энергетика жүйесін реформалау қарсаңында тұрмыз. Энергетика – бұл тек мамандық қана емес, бұл нағыз күш-қуат пен жауапкершілікті талап ететін сала. Халықтың үйінде жылу мен жарықтың болуы – сіздердің еңбектеріңіз. Осы ретте әр маманға алғыс білдіремін,” – деді әкім.

Салтанатты шара барысында облыс басшысы сала мамандарына елдің энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үшін ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген мемлекеттік наградаларды табыстады. 

ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені «Ақтөбе ЖЭО» АҚ от қалаушысы Нұртас Әбуовке және осы мекеменің ауысым бастығы Нұрболат Сарбасовқа, «Энергосистема» ЖШС қызмет бастығы Талғат Сисенбаев және компанияның аға шебері Сайлаубай Тажғаринге, «Аqtobe su-energy group» АҚ Магистралдық жылу желілері ауданының бастығы Мұса Ыбырайға берілді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС Ақтөбе электр энергиясымен жабдықтау учаскесі бастығының орынбасары Людмила Кольцова наградталды.

Айтып өтейік, облыста энергетика саласында 5 мыңнан астам маман қызмет атқаруда. Өңірдің тұтынатын қуаты орта есеппен 944 МВт құрайды, оның ішінде жергілікті энергия көздерінен 485МВт электр энергиясы өндірілед

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button