Туризм — тәрбие тетігі
Жақында спорттық туризм техникасы бойынша «Саяхат- 2024» облыстық жарысы өткізілді.
Мақсат — балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, техникалық шеберліктерін арттыру, командалар арасында мықтыларды анықтау. Жарысқа М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты, М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі, №47,№64,№65 орта мектептерден қатысушылар бақ сынасты.Жарыс барысында балалар дала жағдайында «Туристік кедергілер жолағы», «Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек», «Техникалық» және «Туристік тұрақты ұйымдастыру» арақашықтықтарынан өтті.Жалпы топтық сынақта мамандандырылған лицей-интернаты І орын, №65 орта мектебі ІІ орын, №22 және №64 орта мектеп командаларыІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының дипломдарымен, медальдармен, кубоктармен марапатталды.
Айнұр ОТАРБАЕВА,
қалалық жас туристер
стансасының әдіскері.
Ақтөбе қаласы.