Жаңалықтар

QR-код арқылы түскен он өтініш

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Мәртөк ауданының «Жайсаң» өткізу бекетінде

шекарадан өту кезінде құқықбұзушылық жағдайларға кездескен кәсіпкерлерге WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы оқиғаны  хабарлауына мүмкіндік беретін QR-кодтар орнатқаны белгілі. Көлік прокуратурасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе орнатылған QR-кодтар арқылы бүгінге дейін жүк тасымалдаушылардан онға жуық өтініш түскен.

Осындай QR-код орнатқан сәттен бастап жүк тасымалдаушылардан «Жайсаң» шекара бекетінде көліктердің көптеп жиналуына қатысты онға жуық өтініш түсті. Біз мәселені шешу үшін жауапты қызметтерге жедел хабарладық. Көлік  кептелісінің  басты себебі — «Жайсаң» және «Сагарчин» бекеттері арасындағы 400 метрлік жолдың тарлығы. «Жайсаңда» үш жолақ, ал екіншісінде бір ғана жолақ жұмыс істейді. Сондықтан кептеліс Ресейдің Саратов облысына кіреберістегі  жолдарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты болуы мүмкін, — деді облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы Дидар Боранқұлов.

Бұл мәселеге байланысты палата өкілдері Орынбор облысындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен және Ресейдің басқа да қызметтерімен шекарадағы мәселелерді талқылау үшін кездесуді жоспарлап отыр.

Арайлым ҚЫДЫРБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button