Жаңалықтар

Аудиторлық тескеріс жүргізілді

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің аппаратына  аудиторлық тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеріс нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

Аудиторлық тексеру нәтижесінде 6 985,6 мың теңге қөлемінде қаржылық заңбұзушылықтар тіркелді. Аудит қызметкерлердің карточкалық шоттарына жалақыны аударуға арналған тізімдермен есептік ведомость бойынша салыстыра отырыптолық тексеру жүргізіліп, жалпы сомасы 3 425,4 мың теңге көлемінде заңбұзушылықтар анықталды. Іссапар шығыстарын өтеудің дұрыстығы бойынша әкімдік қызметкерлеріне іссапарға жалпы сомасы 685,6 мың теңгеге бұйрықсыз шығыстар өтелгені анықталды.

Тексеріс кезінде Шұбарқұдық ауылы Қызылжар шағын ауданында орналасқан темірбетон тіректерін күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарында қаржылық есептіліктің бұрмалануы анықталды. Нәтижесінде 2087,9 мың теңге сомасына 2411 шоты бойынша есептік анықтама қалпына келтірілді.Жалпы сомасы 278,0 мың теңгеге сатып алынған шиналар автомобильдер жүрісінің пайдалану нормаларын бұзып, 1318 «Қосалқы бөлшектер» шотына жатқызылмай, 7060 «Қорлар бойынша шығыстар» шотына жатқызылып, есептен шығарылды. Аудит барысында бухгалтерлік анықтамамен есепке алу бойынша 278,0 мың теңге 1318 шотына қалпына келтірілді.

Шарттық міндеттемелерді орындау аудитімен өнім берушілер 34 шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінде орындамағаны анықталды. Осы шарттар негізінде мекеме 2022 жылы 186,9 мың теңгеге 10 шарт, өткен жылы 1138,7 мың теңгеге 19 шартты орындамаған. Сондай-ақ осы жылдың бірінші жартыжылдығында 184,1 мың теңгеге 5 шарт бойынша тұрақсыздық айыбын есептемей, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгінбегендігі анықталды.

Аудиттік тексеріс нәтижесінде бюджет кірісіне 4 111,0 мың теңге өтелді. 2022-2024 жылдардағы қаржылық есептілікті бұрмалағаны үшін бас есепшісіне және мемлекеттік сатып алу туралы заңының талаптарын бұзғаны үшін мекеменің басшыларына әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Анар ИРГАЛИЕВА,

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік

аудит департаменті басшысының орынбасары.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button