Мәдениет

Әуелейді шәмші әні

Байқау

Қарғалыда аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Әуелейді Шәмші әні» атты облыстық ретро әндер байқауы өтті. Шәмші Қалдаяқовтың ән мұрасын насихаттауға бағытталған байқауға Ырғыз, Әйтеке би, Мұғалжар, Темір, Шалқар, Қобда, Алға, Ойыл және Қарғалы ауданының өнерпаздары қатысты.

Байқауғаоблысқа белгіліәнші, сазгер Сейсен Айтжанов, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы классикалық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, әнші  Нұртас Омаров және облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Қайрат Болысбек қазылық етті.

Өнер кешінің сахнасы «Менің Қазақстаным» монологымен басталды. Байқау шарты бойынша өнерпаздар екі кезеңде өзара бақ сынап, Шәмші Қалдаяқовтың халық арасында кеңінен танымал «Сыр сұлуы», «Сыған серенадасы», «Кешікпей келем деп ең…», «Қайықта» секілді әндерін шырқады.

Нәтижесінде «Әуелейді Шәмші әні» атты облыстық ретро әндер байқауының бас жүлдесін Алан Оспанғали жеңіп алды. Қарғалы ауданының атынан сынға түскен Есет Әлімжан 1-орынға ие болса, 2-орынды ырғыздық Бауыржан Нұрлыбай, 3-орынды темірлік Жасұлан Жұлқашев иеленді. Сондай-ақбайқаудың арнайы жүлдесі Шалқар ауданының өнерпазы Асхат Сұлтановқа бұйырды. Жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушылар дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Гүлжазира МЫРЗАБЕКОВА,

Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button