Жез самаурын немесе «шай машинасы»
Музей
Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінде сақталған құнды жәдігер жез самаурынның өз сыры бар.
Мәліметтерге сүйенсек, самаурын — қазақ даласына XIX ғасырда келгенімен, ұлтымыздың табиғатымен біте-қайнасып кеткен тұрмыстық бұйым. Тіпті самаурынды қазақтың өзінің төл бұйымы секілді көретініміз де шындық. Самаурын қазақтың қонақжайлылығы мен кеңпейілдігінің, берекелі дастарқаны мен байлығының белгісіне айналып та үлгерді.
Сонау ерте кезеңдерде қазақ байларының Ресейде небары 7 сом тұратын самаурынды 20 қойға айырбастап алған деген деректер де кездеседі. Мұның өзі самаурынның қандай құнды бұйым болғанын көрсетсе керек.
Қазақ жеріне самаурынның келуін Сәбит Мұқанов өз жазбаларында: «Алғаш самаурынды Солтүстік Қазақстан жеріне белгілі бай Есеней алдырған», — деп жазады. Алдыртуын алдыртқанмен, самаурынды қалай қайнататынын ешкім білмеген екен. Енді қайтсін, ауыл қазағы үшін таңсық бұйым ғой. Сөйтіп, Есеней бай көрші ауылдан бір орысты алдырыпты. Әлгі орыс самаурынды қалай қайнатуды үйретіп, ақысына Есенейден бір жылқы алыпты. Есеней өте ырымшыл адам болса керек. «Шүмегі төмен қарап тұр екен, елді төмен қаратпай қоймас» деп самаурынның шайын ішуден қашқан екен деседі.
Самаурынның нақты қай жерден шыққанын ешкім дөп басып айта алмайды. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, Қытай елінен Ресей жеріне шай шөптері келген кезде мұқтаждықтан туындаған бұйым ретінде қарастырады. Тағы бір деректерде, Ресейге «шай машинасын» Голландия елінен «өзінің шетелдік сапарларынан жаңа заттарды әкелуді ұнататын І Петр патша алып келген» деп келтірілген.
Патша I Петрдің кезінде мыс балқыту және металлургия зауыттары бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамығандығы белгілі, сонымен қатар көптеген фабрика, зауыттар салынды. Бұл зауыттарда мыс ыдыстары, соның ішінде шайнектер, ат әбзелдері шығарылды. Сол кезде қарқынды жұмыс істегендердің бірі — Баташевтар самаурын фабрикасы еді.
Музей қорында сақталған жез самаурын ХІХ ғасырда самаурын өндірісі бойынша самаурын короліне айналған Баташевтардың нақ өзіне тиесілі. Фабрика негізін 1825 жылы Иван Григорьевич Баташев қалаған. Баташевтардың самаурыны белгілі болғаны соншалық — сол кездердегі көптеген самаурын өндірушілер өз самаурындарын «Баташевтар самаурыны» деп атаған. Осындай атаққа ие болудың негізгі себебі — бұйымдар сапасымен және әдемілігімен ерекше бағаланды.
Музей қорында сақталған жез самаурынды 2008 жылы Бибігүл Садықова сыйға тартқан. Ол бұл самаурынды өзі тұрмыстық бұйым ретінде тұтынған.
Самаурын І сұрыпқа жатады және алдыңғы бөлігінде көрмелерден жүлделі орын алғанының белгісі ретінде 14 түрлі көрме медалі басылған. Олар: «Малая», «Золотая», «Большая», «В.М. Николаевск за полезную деятель сельско-хозяйственная выставка», «Товарищество самовар награжден производство братья Рузины премии Ивана Ивановича Ваташоваг.Тула».
Самаурын сары жезден жасалған, биіктігі — 59 см, диаметрі — 28 см, шоқсалғышмұржасыныңдиаметрі — 8,7 см, сыйымдылығы — 12 литр. Екіжағындақұлақшалыұстатқыштары бар.
Самаурынныңуақытөтекелеқұныартпаса, ешкемігенемес. Әр экспонат музей төріненорыналады. Бүгінгікүн — ертеңгітарих. Сондықтан музей қорындағыәржәдігер — көненіңкөзі, солуақыттыңкуәсі. ХІХ ғасырдатанымалболған, әршаңырақтантабылатынБаташевтарсамаурыныбүгіндеқолымыздағықұндыжәдігерімізгеайналыпотыр.
Саягүл АХМЕТОВА,
Хромтау аудандық тарихи-өлкетану
музейінің экскурсаводы.