Полиция қоғамдық орындарда кальян шеккен азаматтарды жазаға тартуда
Ақтөбеде полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы заңды бұзғандарды анықтау және жолын кесу мақсатындп рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында танымал демалыс орындары мен ойын-сауық орындары тексерілді. Нәтижесінде бір күнде полицейлер облыс орталығының ойын-сауық орындарында кальян шегудің 10-нан астам жағдайын тіркеді. Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 4 әкімші және кальян шеккен 7 келуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 600 мың теңгеден асты. Сондай-ақ 18 кальян тәркіленді. Қазіргі уақытта кальян шегуге тыйым салумен байланысты бұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейд жалғасып жатыр. Полиция азаматтарға заңды сақтауға, тыйым салынған және денсаулыққа зиян заттарды пайдаланудан бас тартуға шақырады.