Басты жаңалықтар

Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселесі қаралды

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мәселесі қаралды.

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай ішкі нарықта тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыруға қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда Ақтөбе облысы азық-түліктің 32 түрінен 26 негізгі азық-түлік өнімі бойынша өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. Бұл – ұн, нан, макарон, сиыр еті, қой еті, жылқы еті, қияр, қызанақ, ашытылған сүт өнімдері, өсімдік майы және т.б. Азық-түліктің қалған 6 түрі – қарақұмық, күріш, қант, тұз, бұрыш, балық басқа аймақтардан жеткізіледі және ішінара импортталады.

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорына 26 тонна қарақұмық жармасы, 594 тонна қант, 7 880 тонна бірінші сұрыпты ұн және 37 тонна күріш салынды.

— Биыл 61,8 мың тонна картоп, 43,4 мың тонна көкөніс, 40,0 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Бұдан басқа желтоқсаннан сәуірге дейінгі маусымаралық кезеңде «Пригородный», «Болат ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Арман» шаруа қожалығы сынды жергілікті тауар өндірушілермен 4846 тонна картоп, 390 тонна сәбіз, 400 тонна пияз, 448 тонна қырыққабат жеткізуге келісім-шарттар жасалды. Бұл көлемдегі өнім көрсетілген кезеңге жеткілікті, — деді Құсайын Сәрсембай.

Сонымен қатар облыста қызанақ пен қияр өсірілетін 40 жылыжай жұмыс істейді. Биыл жылыжайларда 17,5 мың тонна қызанақ және 0,7 мың тонна қияр өсірілді. Жылыжай өнімдері облыстың базарлары мен дүкендеріне түседі.

Жыл басынан бері 569 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, онда тұрғындар жаңа өнімдерді нарық құнынан 10-15% төмен бағамен сатып алды.

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен кәсіпкерлік субъектілеріне өңірге қажетті азық-түлікті жеткізуге несие беруге 3764,3 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ жергілікті жеткізушілер және өндірушілермен азық-түлік жеткізуге келісімшарттар жасалады. Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сауда желілеріне, дүкендерге және коммуналдық базарларға белгіленген бағамен жеткізіліп отыр.

Өңір басшысы Асхат Шахаров облыс көлемінде өткізіліп жатқан жәрмеңкелерде халық қарасы көп екенін, оны ұйымдастыру өз тиімділігін көрсеткенін және тоқтатпау қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін олардың бағасына мониторингті

күшейтуді тапсырды.

Аппараттық жиында облыс әкімі Асхат Шахаров өрт қауіпсіздігі мәселесіне, соның ішінде балалар зардап шегуі мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алуға баса назар аударды.

Ата-аналар балаларды үйде қараусыз қалдырмауы керектігін, көмірқышқыл газымен уланудың қайғылы салдарын болдырмау үшін балаларға бас-көз болатын ересектердің үнемі қадағалап отыруы қажеттігін айтты.

Әкімдер тұрғындар арасында жылу жүйелерін қауіпсіз пайдалану ережелері мен қажетті сақтық шараларын түсіндіруі керек. Ересектер балаларымыздың қауіпсіздігі біздің жауапкершілігімізге байланысты екенін есте ұстауы керек,— деді Асхат Шахаров.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button