«Atamnyn Amanaty» соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткендерді іздейді
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі — тарихи жадыны сақтау, аға ұрпақтың ерлігін ұлықтау, Екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен боздақтарды іздестіру жөніндегі жұмыстармен жүйелі түрде айналысатын бірден-бір ұйым.
Бес жылдан бергі кезеңде ұйымның ресми сайтына майдангер ұрпақтарынан 9 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Барлығы 4000-ға жуық қазақстандық жауынгердің жерленген орындары мен жеке басы анықталып, 19 отандасымыздың сүйегі туған жеріне әкелініп, әскери құрметпен жерленді.
«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі бұл жұмыстарды одан әрі жалғастырады. Екінші дүниежүзілік соғысында хабар-ошарсыз кеткен аталарымызды іздестіріп, жерленген жерлерін белгілеу үшін тізімдерін қалыптастыру үшін тұрғындар бізге мынадай ақпараттарды жолдауы керек:
1. Атаныздың аты-жөні.
2. Туған жылы (шамамен).
3. Қайдан шақырылған (ауыл, село, аудан, облыс).
4. Әйелінің, ата-анасының, аға-інілерің, апа-қарындастарының аты-жөнін білсеңіздер, жазыңыз. Әрбір аты маңызды, сонда іздестіру оңай (көптеген қазақ, түркі тегі, аттары дұрыс жазылмаған, бұрмаланған).
5. Ресейдің мұрағаттарында іздедіңіздер ме? Ресейлік «ОБД Мемориал» сайтында деректер бар ма? Егер мұрағаттардан, Боздақтар кітаптарынан, сайттардан мәліметтер бар болса, бізге жіберу керек.
6. Іздеушінің аты-жөні: туыстық дәрежесі; мекенжайы;
Кері байланыс үшін 1-2 телефон нөмірлері; электрондық пошта адресі керек.
Барлық сұрақтарға толығырақ жауап берулеріңізді өтінеміз.
Бізге мына телефондар арқылы хабарласуға болады: Әлия Сағымбаева, құрылтайшы (8-701-999-78-20, ватсапта), Марфуза Сулейменова (+7-776-828-45-35), Ардақ (+7-776-828-45-34).
М.МОЛДАҒАЛИЕВ,
басқарма төрағасы.