МерекеПікір

Ұлттық мерекені ұлықтайық

Темірлан АЛДАЖАРОВ,
Қазақстан студенттер альянсының
облыстық филиалының басшысы

25 қазан — еліміз үшін маңызды күн. Республика күні — халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке. Бүгінде Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамы жасалып жатыр. Бұл тұста біз секілді жастар елдің дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет. Бұл — қазақ деген қасиетті елдің перзенті ретіндегі парызымыз. Республика күні ұлттық мереке ретінде қайтадан бектіліп, жыл сайын жақсы тойланып келеді. Белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері қалың бұқараға, жастарға тәуелсіздіктің мәнісін ашып, осы ұғымды тарихи тұрғыда тереңнен талдап, ұлықтау жұмыстары әлі де жүргізілсе екен деймін. Ұлттық мереке қарсаңында елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік тілеймін!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button