Ауыл

Талдық түлектерінің тартуы

Әйтеке би ауданындағы ең шалғай жерде орналасқан Талдық ауылының азаматтары туған жеріне үнемі қарасып жүреді. Талдық орта мектебінің 1987 жылы туған түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай ауылдарына сыйлық жасады.

Селолық округ аумағы басталатын жерге «Талдық» атауы жазылған маңдайшаны өз қаражаттарына ауыстырып, жаңартты.

1987 жылы туған түлектер осыдан екі жыл бұрын да «Талдық — туған жерім!» деген көрнекі жазуды ауылдың орталығына орнатқан еді. Бүгінде ауылдың ажарын келтіріп тұрған бұл жазу алыстан көзге түседі.

Туған жердің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып жүрген түлектерге ел халқы риза.

Ерболсын КӨБЕКОВ,

Благодар орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button