Референдум

Сайлаушыны туған күнімен құттықтады

Мәртөк ауданы Жайсаң ауылында бүгін 63 жасқа толған Аксандыр Нариманқызы немересімен №274 референдум учаскесіне келіп дауыс берді.
— Бұл референдумда дауыс беруді азаматтық парызым деп санадым. Дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын. Елінің ертеңі үшін алаңдайтын әрбір азамат саяси науқаннан тыс қалмауға тиіс. Осы жылы туған күнім референдуммен тұспа-тұс келді. Тарих беттерінде сақталатын бұл күнде маңызды шешім қабылданып, ел игілігі жолында оң өзгерістер болады деп сенемін, — дейді сайлаушы.
Сайлаушыға туған күніне орай шағын сыйлық табысталды.
Айта кетейік, Жайсаң ауылдық округі бойынша 3 (№274, №275, №277) референдум учаскесі жұмыс жасайды. Таңғы 7.00-де келген ауыл тұрғындарына естелік ретінде сыйлық табысталған. Сонымен қатар ауылдық клуб алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып жатыр.

Ақмарал МҰҚАШЕВА,
Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button