Референдум

Қазақстанның Еңбек Ерінің таңдауы

Қалаға іргелес орналасқан тұрғын үй алаптарындағы учаскелерде де дауыс берушілер біршама. Айталық, Рауан тұрғын үй алабындағы №564 референдум учаскесіне таңнан келушілер көп.
– Соңғы уақытта атом электр стансасы туралы алып-қашпа пікірлер көп. Қазақстанның Еңбек Ері болғандықтан, менің пікірімді сұраушылар да аз емес. Өзім осы саланың сарапшы маманы емеспін, бірақ елдің тұрғыны ретінде біржақты пікір айта алмаймын. Өйткені, бір жағынан, қуатты электр көзін ұсынатын мұндай станса қажет-ақ. Дегенмен, оның сапасы, материалдық-техникалық базасы жағынан қорқыныш бар… Ана, әже ретінде осыған алаңдаймын.
Ұзақ ойлана келе мен бүгін өз таңдауымды жасадым, – деді Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button