Референдум

Алғашқылар қатарында дауыс берді

Алға қаласында орналасқан 162-референдум учаскесінің есігі таңғы сағат 7-де ашылды. Бірақ учаске жұмысы басталмас бұрын келіп, күтіп тұрған дауыс берушілер де болды. Солардың бірі — Самат Ғайнутдинов.

Самат аға мұндай маңызды сәтте халықтың шешімін жеткізуге атсалысу өзінің азаматтық борышы екенін ғана айтып, сөзін қысқа қайырды.
Айта кету керек, өткен сайлауда да ол дауыс беру үшін учаскеге ең ерте келгендердің қатарында болды.
— Біздің учаскеде 1911 адам тіркелген. Ең жасы — 2006 жылы туғандар, олар мұндай маңызды саяси оқиғада алғаш рет өз таңдауларын жасап отыр. Ең үлкені — 87 жастағы қария, ол да бастапқылар легінде келіп дауыс берді, — деді учаске комиссиясының төрағасы Райхан Әбілова.
Учаскеге бастапқы келген азаматтарға сыйлық табысталды.
Жалпы, Алға ауданы бойынша 26 199 дауыс беруші тіркелген.

Асхат ҚАЛЖАНОВ,
Алға қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button