Референдум

Қобдалықтар да маңызды күнде белсенді

Саяси науқанға қобдалықтардың да қатысуы белсенді. Еліміздің атом электр стансасының құрылысы бойынша республикалық референдум аясында Қобда ауданы бойынша 31 учаске жұмыс істеп жатыр.

Аталған аймақта барлығы 163 комиссия мүшесі бар. Аудан бойынша 10380 адам дауыс беру құқығына ие. Оның 233-і үйден дауыс беруге өтініш берген. Өз таңдауын жасауға ерте келген 91 тұрғын комиссия мүшелерімен референдум учаскелерінің ашылуына қатысып, сыйлықтарға ие болды. Қазіргі уақытта сайлаушылардың 30 пайызға жуығы өз таңдауын жасаған. Әсіресе Ақырап, Бесқұдық, Жарсай, Жаңаталап, Жиренқопа, Қаракемер ауылдары тұрғындарының қатысымы жоғары.

А.АЛТЫБАЕВА,
Қобда ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button