Референдум

Шешімді халық қабылдайды

Еліміздің қоғамдық өміріне қатысу және өтіп жатқан саяси жағдайларды бағамдап отыру — әрбір қазақстандықтың парызы.
АЭС құрылысы облыстық халықтық штабының жетекшісі, Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов осылай деп санайды. Ол өз дауысын Ақтөбе сервис колледжіндегі №65 сайлау учаскесінде берді.
— Бүгін елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өтіп жатыр. Бұл — жаңа қоғамдық-саяси мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
Еліміздегі тағы бір маңызды шешім халықтың пікірін ескере отырып қабылданғалы отыр. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың жарқын көрінісі.
Бүгін дауыс беруге құқылы әр қазақстандықтың өз ұстанымын білдіруі аса маңызды. Бұл тұрғындардың ел тағдырына жауапкершілігін білдіреді. Сол себепті ақтөбеліктер референдумға қатысып, белсенділік танытады деп сенемін.
Осы сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Айгүл Оралбаева былай деді:
— Бізде дауыс беру үшін 2 566 азамат тіркелген. Сайлаушылар белсенділік көрсетуде, өйткені олар мәселенің маңыздылығын айқын түсінуде. Дауыс беру кешкі сегізге дейін жалғасады.

Алсу МЕҢДІБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button