Референдум

Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шафхат Өтемісов сағат 12.00-дегі жағдай бойынша неше қазақстандық референдумда дауыс бергенін айтты.

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 39,23 %-ы бюллетень алды», – деді ол.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 42,22 %
2. Ақмола облысы бойынша – 45,48%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 44,87 %
4. Алматы облысы бойынша – 41,76 %
5. Атырау облысы бойынша – 43,94 %
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 36,67 %
7. Жамбыл облысы бойынша – 34,27 %
8. Жетісу облысы бойынша – 37,35 %
9. Қарағанды облысы бойынша – 46,89 %
10. Қостанай облысы бойынша – 44,04 %
11. Қызылорда облысы бойынша – 37,63 %
12. Маңғыстау облысы бойынша – 38,5 %
13. Павлодар облысы бойынша – 36,54%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 39,85%
15. Түркістан облысы бойынша – 44,52 %
16. Ұлытау облысы бойынша 43,31 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 37,63 %
18. Астана қаласы бойынша – 41,93%
19. Алматы қаласы бойынша – 11,88 %
20. Шымкент қаласы бойынша – 57,03 %

Сколько казахстанцев уже проголосовали на референдуму по АЭС на 12:00
Фото: Орталық референдум комиссиясы

Шафхат Өтемісовтің сөзінше, сағат 12.00-дегі жағдай бойныша 4 804 102 азамат бюллетень алған. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 39,23 пайызы деген сөз.

Ал азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс беріп жатыр.

Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады:

– Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?

Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:

– «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

Өздерінің конституциялық құқығын Корея Республикасындағы Қазақстан азаматтары алғашқылардың бірі болып жүзеге асырды.

1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.

INFORM.KZ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button