Референдум

Каринаның алғашқы дауысы

Тұрғындар қалашығы ауданының тұрғындары Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің ғимаратында орналасқан №35 сайлау учаскесінде белсенді дауыс беруде.
Сайлау учаскесінің төрағасы Қанат Бердіғалиевтің айтуынша, мұнда 2402 адам тіркелген. Сайлаудың әділ өтуін 5 байқаушы қадағалап отыр. Мұнда алғаш рет дауыс берген жастар мен қарттарға құрмет көрсетіліп жатыр. Сайлау учаскесіне бірінші болып келген қала тұрғындары да таңдауын жасап, кішігірім сыйлыққа ие болды. Солардың бірі — 18 жастағы қала тұрғыны Карина Тен.
— Бүгін алғаш рет дауыс беруге келдім. Сәл қобалжып тұрғаным болмаса, көңіл күйім өте жақсы. Еліміздің болашағы үшін таңдау жасадық. Осы елдің азаматы болған соң мұндай шараға қатысу — азаматтық борышымыз, — дейді ол.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button