Референдум

Өз таңдауын жасады

Ақтөбе қаласындағы «Алақай» қуыршақ театры ғимаратында орналасқан №36 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы 7-де бастады. Бұл учаскеге 2333 адам тіркелген. Күн жексенбі болса да келушілердің қатары аз болмады.

Алғашқы келгендерге сыйлық берілді. Есік алдында «Алақай» қуыршақ театрның аниматорлары келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Өз таңдауын жасаған тұрғындар лебіздерін білдірді.
— Барша халық референдумға келіп, әрқайсысы өз таңдауын жасап жатыр. Мен де екі баламды ертіп келіп, дауыс бердім. Көңіл күйіміз өте жақсы, — деді қала тұрғыны Гүлжаһан Бахтиярова.
Жалпы облыс бойынша бүгін 530 сайлау учаскесі ашылды. Олардың барлығы таңғы сағат 7-де өз жұмысын бастады. Дауыс беруге облыстың 569 мыңнан астам тұрғыны қатысуға құқылы.
Айта кетейік, бүгін Ақтөбе облысында қоғамдық көлікпен жол жүру тегін.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button