Референдум

Дөң тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр

Аудандағы дауыс берушілер көп елді мекендердің бірі — Дөң ауылы. Мұндағы Дөң мектеп-гимназиясында орналасқан №473 референдум учаскесінде 1947 адам тіркелген.

Оның ішінде 18 жастағы алғаш рет дауыс берушілер саны 12 адам болса, жастары сексеннен асқан жеті дауыс беруші бар. Үйден дауыс беретін 7 адамға жылжымалы жәшік ұйымдастырылған. Референдум учаскесінің төрағасы Гаухар Бекованың айтуынша, ауыл тұрғындары ертемен келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Алғаш болып дауыс бергендерге сыйлық та үлестіріліпті.
— Жолдасым екеуіміз референдум учаскесіне ерте келіп, елдің ертеңі үшін дауыс бердік. Мұндағы мамандар бізді жылы қабылдап, мән-жайды түсіндіріп, барлық жағдайымызды жасады. Көңілді әуен, жылы қабылдау, бәрі-бәрі көңілімізден шықты, — дейді зейнеткер Жолтай Құлсарин.
Дөң ауылындағы референдум учаскесі аймағында жергілікті кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізіп жатыр.

Ләззат ӘБДІРОВА,
Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button