Референдум

Еліміз үшін маңызды қадам

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның солистері де референдумға белсене қатысып, дауыс беруде. Олар таңғы сағат 7.00-ден бастап сайлау учаскелеріне келді.
Өнер ұжымының солистері референдумға қатысып, таңдау жасау еліміздің жарқын болашағына жасалатын маңызды қадам екендігін айтады:
— Менде бүгін өзім тіркелген №72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейінде орналасқан № 553 учаскеде таңдауымды жасадым. Бір байқағаным, сайлаушылар дауыс беруде белсенділік танытып жатыр. Әсіресе қариялардың белсенділігі жоғары. Елдігіміз сыналар сәтте сайлауға қатысу азаматтық борышым деп санаймын. Балаларымның, елімнің болашағы үшін дауысымды бердім, — дейді филармония солисті, Мәдениет саласының үздігі Жұлдыз Нұрқасымова.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button