Референдум

«Бұл менің азаматтық парызым»

Аида Кадын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Heriot-Watt университетінде оқып жатыр. Ол №540 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Он сегізге биылғы маусым айында толған ол «мұнай инженериясы және энергоменеджмент» мамандығы бойынша білім алып жүргенін айтты.
— Қазақстан Конституциясына сәйкес он сегізге толған әрбір жас осындай мәселелерде өзінің қалауын білдіруге құқылы екенін жақсы білемін, сондықтан да өз ұстанымымды таныту үшін сайлау учаскесіне ерте келдім. Бұл менің ерік-жігерімнің көрінісі ғана емес, сондай-ақ азаматтық парызым екенін де жақсы түсінемін, сондықтан да сайлау науқанына саналы түрде қатысқым келді, — деді. Біз оның мүлтіксіз қазақ тілінде сөйлегеніне ырза болдық.
Өзінің қатарластары секілді Аида да сыйлыққа ие болды. Учаске төрағасы Нұрболат Ізтілеу оған белсенділігі үшін алғыс айтты.

Алсу МЕҢДІБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button