Референдум

Мәртөктіктер болашақ үшін дауыс берді

Мәртөк ауданының тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр. Ауданда 35 референдум учаскесі жұмыс істейді.
Өңірде сайлау заңнамасына сәйкес 19 269 азамат референдумға қатысуға құқылы. Мәртөк ауданында 18-ге толған 202 жас бар. Олар алғаш рет республикалық референдумға қатысып, дауыс бере алады. Аудан учаскелерінде өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге келген жастардың саны айтарлықтай көп.
Мәртөк аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Шамиль Саринов саяси маңызы бар науқанда алғашқылардың бірі болып дауыс берді.
— Бүгінгі күннің ел болашағы үшін маңызы зор. Дауыс беруді азаматтық борышым деп білемін. Еліміздің, балаларымның болашағы үшін дауыс беруге шақырамын, — деді ол.
Мәртөк ауданында денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын тұрғындардың талаптарын ескере отырып, үй жағдайында дауыс беруге мүмкіндік жасалды.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button