Референдум

Екі сағатта сайлаушылардың 21 пайызы дауыс берді

Ақтөбе қаласына қарасты Жарық ауылындағы 103-референдум учаскесінде 2596 тұрғын тіркелген.
Учаске өз жұмысын таңертеңгілік 7-де бастап, бастапқы 2 сағаттың ішінде тіркелгендердің 21 пайызы дауыс берді. Олардың арасында әртүрлі жастағы адамдар, сондай-ақ студенттер, әр салада еңбек етіп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлер, зейнеткерлер бар.
Учаске бойынша тіркелген тұрғындардың 44-і — алғаш дауыс беретін жастар. Солардың бірі — Ақтөбедегі Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы жоғары медициналық колледжінің 2-курс студенті Ақмаржан Тәженова. Ол жақын күндері ғана 18 жасқа толды.
— Бүгінгі референдум — баршамызға жауапкершілік жүктейтін, ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Сондықтан өз таңдауымды білдіріп, дауыс беру үшін келдім, — деді Ақжарқын.
Учаскеге облыстық медиаторлар кеңесі, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы, т.б. қоғамдық ұйымдардан 5 бақылаушы келген.
Тұрғындардың 18-і үйінен дауыс береді.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button