Референдум

Шалқарлық жастардың таңдауы

Шалқар ауданы бойынша 36 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі референдумға 25753 адам қатысуға тиіс.
Шалқарлықтар ел таңдауы айқындалатын жалпыұлттық референдумға үлкен жауапкершілікпен қарап, өз үлестерін қосып жатыр. Осындай науқанды мезеттегі дәстүр бойынша учаскеге ерте келіп, таңдау жасағандарға сыйлықтар табысталды. Бұл ретте ерте келген жастардың қарасы көп. Есет Көтібарұлы ауылдық округінде орналасқан №500 референдум учаскесіне жас отбасы Бағлан Жолдас пен Ақерке Бақтыгереева ерте келіп, таңдауларын жасап, сыйлыққа ие болды.
— Бұл күн біздің отбасылық өміріміздегі де айтулы сәт деп есептейміз. Өйткені жас отбасы ретінде қоғамға үн қосу еліміздің жарқын болашағына қадам жасаудың алғышарты деп білеміз. Сондықтан маңызды шешім қабылданар осы сәттен қалыс қалмай өз таңдауымызды жасадық, — дейді жас отбасы.

М.БОҚАН,
Шалқар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button