Мәдениет

Ауыл кеші көңілді…

Концерт

Бөгетсай ауылдық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жаз мусымын қорытындылау мақсатында ашық аспан астында «Қол соғайық өнерпаздарға» атты қорытындыконцерт өтті.

Кеште Хромтау аудандық мәдениет және спорт орталығының директоры Нұрсұлтан Бекмұратов сөз алып,іс-шараны ұйымдастырған ауылдық Мәдениет үйі ұжымына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ашық аспан астындағы концертті өткізуге белсене үлес қосқандары үшін бір топ жас өнерпазға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Кештің жүргізуші Серікболсын Асылбек концертті ойдағыдай өткізуге демеушілік жасаған Дулат Борантаев, Азамат Рыспанбетов, Ерлан Достанов, Нағашыбай Жаухаров, Танат Рейсов сынды азаматтарды атап өтіп, ауыл тұрғындарының атынан алғысын білдірді.

Іс-шара соңында өнерпаздар «Қол соғайық өнерпаздарға» әнін қосыла орындады.

 Жеткерген ТОКИН,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button