Татар-Башқұрт бірлестігі: уақытпен сыналған достық

Тағдырлары табыстырған халықпыз
Татарлардың қазақ халқымен байланыс тамыры терең тарихқа ие.
Биыл өңірдегі «Шатлық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің құрылғанына — 30 жыл. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанына да 30 жыл. Осы мерекелер қарсаңында «Шатлық» бірлестігінің төрағасы Эльвира Хабибуллинамен арғы-бергі тарихты қозғап, ақтөбелік татарлардың бүгінгі тынысы туралы сөйлескен едік…
Мешіт пен мектеп салған
Ақтөбе өңірінде тұратын татарлар әртүрлі уақыттарда әртүрлі жерлерден қоныс аударған. Бірлестік мүшелерінің айтуынша, мұнда қазандық, уфалық және қасымдық татарлармен қатар, Нижегород және Саратов губернияларынан қоныс аударған мишарлар да тұрады. Ақтөбе өңірі Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандықтан, татар көпестері саудамен, түрлі кәсіппен айналысып, делдалдық, тілмаштық міндеттерді атқарған. Татарлар негізінен ірі жәрмеңкелер өтетін Темір және Ойылда көп шоғырланған.
«Шатлық» этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльвира Хабибуллина татарлар біздің өңірге Ақтөбе қаласының негізі қаланған кезден бастап қоныстанғанын айтады.
— Қаламыздың ескі бөлігіндегі татарлар тұрған аудан бүгінгі күнге дейін «Татар слободка», «Татарка»деп аталады. 1900-1903 жылдары Ақтөбе қаласында татарлар мұсылман мешітін салуға бастамашы болады, ал кейбір саудагерлер оны қаржыландырды. Мысалы, қазіргі Гарнизонная көшесіндегі ескі мешітті татарлар салғызған екен. Сол жылдары мешіттермен қатар, Ақтөбеде татар тілінде 9 мектеп ашылған. Алғашқы татар мектебі— №4 мектепболған, мұндататарларсауаташып, білімалған. Бастапқыда 7 сыныптық, кейін 9 сыныптық мектепке айналған. 1939 жылы білім ұясы №13 орта мектеп болып қайта құрылып, оқу тек орыс тілінде жүргізілген екен. Биыл бірлестіктің 30 жылдығы аясында атқарылатын шаруа көп. Әзірге мұрағат ақтарып, көне құжаттарды зерделеудеміз, — деді Эльвира Хабибуллина.
Бүгінде облыс аумағында 10 мыңға жуық татар және мыңнан астам башқұрт тұрады.
«Шатлық» қалай құрылды?
Бірлестік төрағасының айтуынша, 1964 жылы Ақтөбе қаласындағы теміржолшылар клубында Хадича Хасанованың жетекшілігімен түрлі салада жұмыс істейтін өнерлі татарлар жиналып, шағын татар драма үйірмесін құрған. Шағын драмалық үйірме біртіндеп ән мен би бағытын ұстана бастайды. Ал 1971-1996 жылдар аралығында М.Хисамутдиновтің жетекшілігімен көркемөнерпаздар тобы татардың әуесқой ансамбліне айналған. 1987 жылы ансамбль Алматыда өткен 11-халықаралық фестивальде жеңіске жетіп, келесі жылы «Язгымоннар» ән мен би ансамблі«халықтық» атағын алды. Ансамбль биыл Ассамблея мен бірлестіктің 30 жылдығыаясындаөзінің 60 жылдықмерейтойынатапөтпек.
1995 жылыҚазақстанхалқыАссамблеясықұрылғанкезде, «Язгы моннар» халықтық ансамблі негізінде Татар-башқұрт ұлттық мәдениет орталығы құрылды.
Осы орталықты басқару Ибрагим Терегуловқа жүктелді.1999 жылы орталықтың төрағасы болып Равиль Құрбанғалиев сайланып, ұзақ талқылаудан кейін орталыққа «Шатлық» деген атау берілді.
2014 жылдан бері «Шатлық» татар және башқұрт этномәдени бірлестігіне Эльвира Хабибуллина төрағалық етеді.
—Бірлестік жұмысының басты бағыты— татарлар мен башқұрттардың өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің ара жігін ажыратпай, ілгері күнге жеткізу. Неге екі ұлттық мәдениет орталығы бірігіп жұмыс істейді? Өйткені татарлар мен башқұрттар арасындағы байланыс тамыры соншалықты терең әрі тығыз, оларды бөлу мүмкін емес. Осы заманғы зерттеулердің өзі екі халықтың тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті ғана емес, гендік деңгейде де қатты ұқсас екенін көрсетіп отыр. Біз қазір ежелгі қазақ жерінде уақытпен сыналған достық жағдайында тұрып жатырмыз. Мерекелерімізді, отбасылық тойларымызды және сабантойларды бірігіп өткіземіз, — деді Эльвира Хабибуллина.
Татар-башқұрт этномәдени орталығы жанында Ғайнан Құрмашев атындағы татар тілін және мемлекеттік тілді оқытатын жексенбілік мектеп жұмыс істейді.
Жексенбілік мектептің оқушылары жыл сайын мемлекеттік және татар тілі бойынша түрлі деңгейдегі байқауларға, Абай Құнанбаев және Ғұбайдолла Тоқайоқуларының халықаралық және республикалық байқауларына қатысады. Олар Татарстанның Қазан қаласында өткен татар тілі мен әдебиеті бойынша халықаралық олимпиадада Гран-приді жеңіп, кейбірі жүлделі орындарға ие болды. Оқушылардың осылайша биіктен көрінуі — әрине, татар тілі пәнінің мұғалімі Сәния Насибуллинаның көп жылдық еңбегінің жемісі.Оның жас ұрпақ тәрбиесіне және жексенбілік мектептің дамуына қосқан үлесі зор.
Бірлестік жанында
Бүгінде «Шатлық» бірлестігінің жанында ақсақалдар мен ардагерлер кеңесі, «Ақ қалфа» әйелдер клубы, «Мирас» жастар қанаты жұмыс істейді.
— Бірлестіктің 30 жылда атқарған жұмысы аз емес. Тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын сақтай отырып жексенбілік мектеп, ақсақалдар кеңесі, ғылыми кеңес, жастар орталығы мен халықтық ансамбльдерін құрды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне етене араласты. Мәселен, бірлестік жанындағы ғылыми-ағартушылық кеңес татар және башқұрт халқының ерекшеліктерін көрсететін ретро-фотосуреттер, тарихи құжаттар, ақпараттар мен материалдарды жинау жұмыстарымен айналысады. Жерлесіміз, №4 татар мектебінің директоры болған мұғалім Ғайнан Құрмашев туралы кітап шығарылды. Бірлестік мүшелерінің бастамасымен қаладағы Оңтүстік-Батыс ауданындағы бір көшеге Ғайнан Құрмашевтің есімі берілді.Ұлы Отан соғысының Батырлары мен қатысушыларына арналған стендтер безендірілді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, бірлестік мүшелерінің жақын туыстарына арнап «Они приближали Победу» атты естелік альбом шығарылды. Кеңес Одағының Батыры Рауф Кутуевке арналған мемориалды тақта орнатылды.
Біздің бірлестік қолға алған «Қазақстан Республикасының және жақын шетелдердің сакральды орындарымен танысу және оларды зерттеу» жобасы жастардың ата-бабаларымыздың тарихи-мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді, — деді Эльвира Хабибуллина. Сондай-ақ
ардагерлер кеңесі Гумер Галеевтің жетекшілігімен «Шатлық» бірлестігінің ардагерлерін, Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерін, интернационалист-жауынгерлерді құрметтеу мақсатында жыл сайын қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып отырады. Бірлестік жанындағы ақсақалдар кеңесі де ақыл-кеңес беріп, көмек көрсетеді. Ақсақалдар жастарды ана тіліне, ділі мен дініне, тарихи Отанына, мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелейді.«Ақ қалфақ» әйелдер клубы ұлттық ерекшелікті сақтап қалу, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді. Клубтың Н.Исхакова, Р.Ситдикова, Р.Мухамедьярова секілді белсенді мүшелері татар және башқұрт мәдениетінің күндері, ұлттық киімдер атрибуттарын тігу мен кестелеу бойынша шеберлік сабақтары, ұлттық тағамдарды дайындау бойынша «Ұлттық ас» күндері сияқты шараларды ұйымдастырады.
Ал «Мирас» жастар қанаты 2004 жылы құрылды.
— «Мирас» жастар қанатының мүшелері арасында жақсы бір үрдіс сақталған.Осы жерде танысып, отбасын құрған жастардың балалары жексенбілік мектепке қатысып, тіпті «Сяйлян» ансамблінің құрамында сахнадан көрініпжүр. «Мирас» белсенділері республикалық, халықаралық және әлемдік татар жастары форумдарына да қатысады, — деді Эльвира Хабибуллина.
Оның айтуынша, 2010 жылдан бері Татарстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Шатлық» бірлестігіне белсене қатысатын балалар жыл сайын Татарстан Республикасының халықаралық сауықтыру лагерьлерінде демалып қайтады.
Халықтық өнер және ұлттық мейрам
Ұлттың дәстүрі мен мәдениетін халықтық өнер сақтап келе жатыр.
Мәселен, «Язгы моннар» халықтық ән және би ансамблі, «Сайра, гармун» халықтық ансамблі, «Сяйлян» үлгілі вокалды би ансамблі жұмыс істейді. Олардың өнері халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдерде жоғары бағаланған.
Әріден қозғасақ, 1995 жылдың мамыр айында Э.Хабибуллина балалар вокалдыби ансамблін «Сяйлян» деп атады, ол «бисер», яғни «ұсақ моншақ» деген мағынаға ие. Бұл ансамбль шын мәнінде орталықтың мақтанышына айналды. Мәселен, 1996 және 1997 жылдары балалар ұжымы Алматы мен Павлодар қалаларында өткен «Айналайын» халықаралық балалар шығармашылығы фестиваліне қатысты. Сондай-ақ «Сайра, гармун» ансамблінің мүшелері екі жылда бір рет баяншы, ақордеоншы және гармоншыларға арналған «Сайра, гармун» облыстық фестиваль-байқауын өткізеді.
Еңбек пен берекені, достық пен бірлікті ұлықтайтын Сабантой мерекесі өңірімізде 2004 жылдан бері татар және башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен және облыс әкімдігінің, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, РФ елшілігі мен еліміздегі Татарстан Республикасы өкілдігінің қолдауымен өткізіледі. Мұнда спорттық ойындар ұйымдастырылады,татар-башқұрт этнос өкілдері чак-чак секілді ұлттық тағамдарын ұсынып, қолөнер бұйымдарын көрсетеді, ән мен биден шашу шашады. Қаладағы барлық этномәдени бірлестіктері де бұл күні жұмыла атсалысады.
— Бұл мейрамның тарихы тым тереңде жатыр. Сабантой Ақтөбе қаласында алғаш рет 1912 жылы ұйымдастырылған. Тура бір ғасырдан соң, 2012 жылы біздің орталық халықаралық Сабантой өткізді. Бұл іс-шарағаТатарстаннан, Башқұртстаннан және Орынбордан қонақтар шақырылды. Құрметті қонақтар қатарындаТатарстанның Премьер-министрі, Дүниежүзілік татарлар конгресінің төрағасы және Башқұртстанның Дүниежүзілік мемлекеттік құрылтайының төрағасы болды. Сондай-ақ «Шатлық» этномәдени бірлестігінің мүшелері, ардагерлері мен халықтық ұжымдары елімізде және Ресей, Татарстан,Башқұртстан қалаларында өткен республикалық Сабантойларға қатысып қайтты, —деді бірлестік төрағасы Эльвира Хабибуллина.
Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.